ЗАҢ ШЫҒАРУ
Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады
13:04     29.04.2009
Астана. 29 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" жаңа заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Заң жобасының мақсаты жөнінде Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеев баяндама жасады.

Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің қорытындысы бойынша, ұсынылған заң жобасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 1-тармағы негізінде ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы Қазақстан аумағында ақпаратты таратуға байланысты қатынастарды реттеуді жетілдіру мақсатында әзірленген.

Заң жобасының негізгі мақсаты ақпараттық - комуникациялық желілер арқылы Қазақстанның аумағында ақпаратты таратуға байланысты қатынастарды реттейтін нормаларды заң жүзінде бекітіп беру болып табылады.

Республикада интернет-технологияларды дамытудың қазіргі деңгейіне заңнаманы сәйкес келтіру мақсатында заң жобасында негізгі ұғымдарды анықтайтын ақпараттық-коммуникациялық желілерде деректерді берудің үдерісіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін ережелерді және қолданыстағы заңнамада бекітіп беру ұсынылады. Мысалы, қолданыстағы "веб-сайт" ұғымы порталдар, форумдар, блогтар, интернет - теледидар және басқа технологиялар көмегімен интернет желісінде ақпаратты орналастыруды қамтымайды. Сондықтан осы заң жобасында кең ауқымды "веб-сайт" ұғымын "интернет-ресурс" ұғымына ауыстыру көзделген.

Сондай-ақ заң жобасында ақпараттық-коммуникациялық желілерде деректерді беруді реттеудің жаңа тетігі ұсынылады. Соған сәйкес ұлттық заңнамаға қайшы келетін ақпарат анықталған жағдайларда, сотқа міндетті түрде талапты енгізумен осы ақпаратты жариялауды тоқтата тұру туралы шешім прокуратура органдарымен қабылданатын болады. Заңнамаға сәйкес келмейтін ақпараттың жариялануын тоқтату туралы прокуратура органдарының шешімі провайдерлерге барлық ақпараттық-комуникациялық желілерде аталған ақпаратқа қол жеткізілімін соттың шешіміне дейін тоқтатуға мүмкіндік береді.

Осы іс-шараларды іске асыру мақсаттарында сотқа міндетті түрде талапты енгізумен, прокурорға мүмкіндік беретін (бұқаралық ақпарат құралының өнімдерін) ақпараттың жариялануын тоқтату туралы қаулының нормасын "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы заңына енгізу ұсынылған.

Сондай-ақ заң жобада шетелдік интернет-ресурстарында Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін ақпаратты орналастыру туралы өтінім сот іс-жүргізудің негізгі тәртібінде сотпен қаралатын болады. Осындай өндіріс бастапқы кезеңде жауап берушінің болмауын болжайды.

Интернет желісінің қазақстандық сегментінде орналасқан сайттарға қатысты істерді қарау іс-жүргізудің талабының тәртібінде жүзеге асырылатын болады.

Орналастырылған заңсыз ақпарат сотпен танылған кезде, Қазақстанның аумағындағы барлық ақпараттық-комуникациялық желілерінде ақпаратты болдырмаудың шаралары тиісті органдармен қабылданатын болады.

Заң жобаны қабылдау ақпараттық-коммуникациялық желілерде деректерді беру үдерісіндегі қатынасты заңнамалық реттеудің қағидаттарын сапалы өзгертуге әкеледі, делінген мәжілістің хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Көрулер: 5
Смотрите в разделе
13:37     11.08.2010
16:20     25.06.2010
14:34     25.06.2010
14:32     25.06.2010
14:31     25.06.2010
11:58     24.06.2010
17:15     23.06.2010