СПОРТ
Қазақстандық спортшылар өткен жылы әлем чемпионаттарында көп жүлделерді жеңіп алды
14:37     19.01.2010
Астана. 19 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстандық спортшылар өткен жылы әлем чемпионаттарында көп жүлделерді жеңіп алды. Бұл туралы туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов бүгін ҚР Туризм және спорт министрлігінде өткен кеңейтілген алқа мәжілісі барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"2009 жылы Қазақстандық спортшылар әлем чемпионаттарында 93 медаль жеңіп алды, соның ішінде олимпиадалық спорт түрлері бойынша 6 алтын, олимпиадалыққа жатпайтын спорт түрлері бойынша 16 алтын жүлде жеңіп алды. Бұл - отандық спорттың даму тарихындағы рекордтық көрсеткіш", - деді Т. Досмұхамбетов.

Сөйтіп, министрдің айтуынша, Қазақстан олимпиадалық спорт түрлері бойынша ұтып алынған алтын медаль саны бойынша әлемдік рейтингте 16-шы орынға ие болды.

"Өткен жылы қол жеткізілген табыстар еліміздің спортшыларына 2012 жылы Лондонда өтетін кезекті ХХХ жазғы олимпиада ойындарында табыс көрсетуге алғышарт болмақ", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Көрулер: 108
Смотрите в разделе
14:37     19.01.2010
11:58     19.01.2010
11:38     30.11.2009
12:03     19.11.2009
18:09     07.10.2009
12:46     29.09.2009
11:38     10.08.2009