АВТОРСКИЕ ПРАВА
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық
11:07     28.01.2009
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің барлық материалдарына авторлық құқық «Kazakhstan Today» Агенттігі» ЖШС-іне тиесілі және Қазақстанның авторлық және сабақтас құқықтар жөніндегі заңнамасына сәйкес қорғалады.

www.kt.kz веб-сайтындағы мақалалар мен басқа да материалдарды «Kazakhstan Today» Агенттігі» ЖШС –нің жазбаша рұқсатынсыз кез-келген тәсілмен алып пайдалануға, көшіріп алу (соның ішінде ақпаратты тасымалдаушыға жазу), жаңғырта жариялау (соның ішінде интернет желісіндегі сайттарда кез-келген мақсатта жаңғырта жариялау), қайта өңдеу, тарату, эфирге шығару, жаппай хабардар ету үшін кабельмен хабарлау, интернет желісімен таратуға тыйым салынады және Қазақстанның авторлық және сабақтас құқықтар жөніндегі заңнамасында қарастырылған жауапкершілік жүктеуге алып келеді.
Қандай да ынтымақтастық келісім-шарт бойынша қатынасқа негізделуге тиіс.
Біздің материалдарды ескертулерге қарамастан, сондай-ақ, электронды поштамен және телефон арқылы жасалған жеке өтініштерге қарамастан, алып пайдаланушыларға мынаны хабарлаймыз: Ақпараттық агенттіктің материалдарын заңсыз пайдалану «Авторлық және сабақтас құқықтар жөніндегі» Қазақстан Республикасының 1996 жылдың 10 маусымындағы №6-1 санды заңының 19-шы бабының 3-тармағын бұзады. Онда көрсетілгендей, "эфирге шығаруға немесе кабельмен хабарлауға автор арнайы тыйым салмаған жағдайда, ағымдағы экономикалық, саяси, әлеуметтік және діни мәселелер бойынша газеттер мен журналдарда жарияланған мақалаларды немесе осы сипаттағы эфирге шығарылған шығармаларды жаппай хабардар ету үшін, автордың немесе құқық иесінің келісімінсіз және авторлық сыйақы төлемей-ақ, бірақ, шығармасы пайдаланылған авторды немесе алған көзді міндетті түрде атап көрсете отырып, газеттерге қайта басу, эфирге беру немесе кабельмен хабарлауға рұқсат беріледі".

Аталған әрекеттер Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 16 шілдесіндегі N 167-1 санды Қылмыстық кодексінің 184-ші бабының 2 және 3- тармақтары бойынша жауапкершілік жүктеуге алып келеді:
2. Авторлық құқық немесе сабақтас құқықтар обьектілерін заңсыз пайдалану, сол сияқты өткізу мақсатында туындыларды және (немесе) елеулі мөлшерде жасалған фонограммалардың контрафактілік даналарын сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе дайындау ,-
бес жүзден жеті жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға жазаланады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген:
а) бірнеше рет;
б) адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен;
в) ірі мөлшерде немесе ірі залал келтірген;
г) адамның өз қызмет бабын пайдалануымен жасалған әрекеттер,-
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ақпараттық агенттіктің барлық жазылушылары мен тұтынушыларын біздің авторлық құқығымызды бұзу заңда көзделінген жауапкершілікті жүктеуге алып келетіндігін ескертетін осынау ақпаратқа назар аударуды сұраймыз.

Просмотров: 456
Смотрите в разделе
11:07     28.01.2009