Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
17 шілде 2018
  • 12
  • :
  • 16
17:00

2017 жылы Алматыдағы Мемлекеттік орталық музей қорындағы 300 сақтам бірлік атрибуцияланды17.05.2018
Қоғам  19:57
Алматы. 17 мамыр. Kazakhstan Today - 2017 жылы Алматыдағы Мемлекеттік орталық музей қорындағы 300 сақтам бірлік атрибуцияланды.

Бұл туралы Алматы қаласы Өӊірлік коммуникациялар қызметініӊ алаӊында өткен брифингте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі директорыныӊ орынбасары Ғалия Теміртон айтты.

Оныӊ сөзінше, эвристикалық мүмкіндігі тереӊ, ғылыми әлеуетке ие, қомақты қор коллекциялары негізінде ҚР МОМ жыл сайын бірқатар іргелі ғылыми зерттеулерді іске асырады. Осылайша, 2005 жылдан бүгінге дейін ҚР МОМ 21 ғылыми-қолданбалы жобаны жүзеге асырды, оныӊ 15-і "Мәдени мұра" ұлттық стратегиялық жобасы аясында орындалып, қорытындысы ҚР Білім және ғылым министірлігі Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамасы нәтижесінде жоғары бағаланды. Бұл дегеніміз ҚР МОМ-ныӊ ғылыми мүмкіндігініӊ әлеуеттілігініӊ куәсі болып табылады.

Есеп беріліп отырған 2017 жылы музейдіӊ ғылыми орталықтары 2017-2019 жылдарға арналған төрт ғылыми-қолданбалы жоба бойынша жұмыс атқаруда:

1. "Қазақтыӊ дәстүрлі өнері тарихи-этнографиялық дерек көздері ретінде. Монография-каталог". Ғылыми жетекшіcі: профессор Нұрсан ?лімбай.

2. "?білхан Қастеевтіӊ акварельдері тарихи-этнографиялық дерек көздері ретінде" (Қазақстан музейлері қорларыныӊ материалдары бойынша)". Ғылыми жетекші: Б.С. Қақабаев.

3. "Ортағасырлық Қазақстан (VI-XV ғғ.) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейініӊ археологиялық коллекциясы. Ғылыми каталог" Ғылыми жетекші: Х. Айтқұл.

4. "Қазақстандағы тыӊ және тыӊайған жерлерді игеру: әлеуметтік-экономикалық, демографиялық және ұлттық-этникалық аспектілері".Ғылыми жетекші: т.ғ.к. А. Қыстаубаева,-деп атап өтті ол.

Ғылыми-зерттеу жобасы бойынша 2017 жылы ҚР Мемлекеттік орталық музейі қорындағы 300 сақтам бірлік атрибуцияланды.

Сонымен қатар, 2017 жылы "?білхан Қастеев акварельдері тарихи-этнографиялық дерек көздері ретінде (Қазақстан музейлері қорларыныӊ материалдары бойынша). Ғылыми каталог" (Ғылыми жетекшісі Б.С. Қақабаев) атты ғылыми-қолданбалы жоба зерттеле бастады.

ҚР Мемлекеттік Орталық музей қорындағы ?. Қастеевтіӊ жеке кешені жүйеленіп, талданып, суретшініӊ 130 акварель шығармасыныӊ 35 сақтам бірлігі камералдық өӊдеуден өтіп, атрибуцияланды, - деп баяндады Ғалия Теміртон.
Просмотров: 3947

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter