Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
26 маусым 2017
  • 11
  • :
  • 33
17:00

"Абай жолы" романын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мобильдік қосымшадан оқу мүмкіндігі пайда болды11.01.2017
Қоғам  12:20
Астана. 11 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2017 жылдыӊ 11 қаӊтары күні Астана қаласында Мемлекеттік тілді дамыту қоры мен Абайдыӊ "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы өзара шығармашылық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды,- деп хабарлайды қордыӊ баспасөз қызметі.

Меморандумға қол қоюдыӊ мақсаты - қазақ халқыныӊ мәдени, әдеби, рухани жетістіктерін кеӊінен насихаттау, интернет кеӊістігінде мемлекеттік тілдіӊ қолдану аясын кеӊейту болып табылады.

Ынтымақтастық меморандумыныӊ аясында "Abaialemi.kz" онлайн энциклопедиялық порталын бірлесіп толықтыруға, Ұлы Абайдыӊ өмірі мен шығармашылығы, оныӊ ақын шәкірттері, замандастарыныӊ естеліктері, абайтанушылардыӊ Абайға арналған еӊбектері, шығармалары жайында материалдар жинау жұмыстарын жүзеге асыру,ақпараттармен алмасу және бірлескен бастамаларды әзірлеуге қатысу көзделеді.

Анықтама үшін:

"Abaialemi.kz" - Абайдыӊ барлық шығармалары, аудио, видео материалдар жинақталған портал. Онлайн порталда Ұлы Абай дәуірі, оныӊ ақын шәкірттері жайлы материалдар, замандастарыныӊ естеліктері, абайтанушылардыӊ Абайға арнаған еӊбектері мен шығармалары және тағы басқа ақпараттар орналастырылған.

Порталда тұӊғыш қазақ роман-эпопеясы болып танылған "Абай жолы" көптомдық тарихи романыныӊ әлем халықтарыныӊ тілдеріндегі аударма нұсқалары орналастырылған. Романды сайттан онлайн оқуға және тыӊдауға болады.

Интернет портал 2015 жылы Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.Ә.Назарбаевтыӊ бастамасымен өзініӊ "Жібек жолы" бейбітшілік сыйлығына алған қаржысына әзірленді. Елбасы осы аталған сыйлықтыӊ бір бөлігін әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін Мемлекеттік тілді дамыту қорына берген болатын.

Жуырда "Abaialemi" мобильдік қосымшасы іске қосылды. Енді Сіздіӊ смартфоныӊызда "Абай жолы" қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде бар. Мұндай патриоттық бағдарлама енді барлық "Андроид" пайдаланушылар үшін қолжетімді болып табылады. Меморандум интернет қауымдастығында Абай мұрасын әрі қарай насихаттауғаықпал ететін болады.
Просмотров: 1411

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter