Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
21 ақпан 2018
  • 25
  • :
  • 22
17:00

Алматы әкімі Қазақстандағы Ұлыбритания Елшісімен кездесті14.02.2018
Қоғам  12:59
Алматы. 14 ақпан. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қазақстандағы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігініӊ Төтенше және Өкілетті Елшісі Майкл Гиффордпен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.

Мегаполис әкімі Ұлыбританияныӊ иновациялық даму саласында мол тәжірибе жинақтағанын және Лондон мен мен Манчестердіӊ үлгісі бойынша Алматыда "Smart city" жобасын жүзеге асырудыӊ тиімді екенін атап өтті. Алматы мен Ұлыбритания арасындағы тауар айналымында оӊ динамика қалыптасқан, 2017 жылы бұрнағы жылмен салыстырғанда 54,7%-ға өсіп, 275 млн. АҚШ долларын құраған.

Өз кезегінде Майкл Гиффорд өзара ынтымақтастықты нығайту барысында тараптар арасында үлкен мүмкіндіктердіӊ бар екенін айтты.

"Мен Қазақстан Президентіне Сенім грамотасын өткен айда тапсырған едім, өзімніӊ алғашқы жұмыс сапарым бойынша өӊірдіӊ жедел дамып келе жатқан мегаполисі ретінде Алматыны таӊдадым. Қолға алынған бастамалардыӊ барлығы қаланы жоғары деӊгейге көтеретіндігіне сенімдімін және өз тарапымнан екі ел компаниялары арасындағы ынтымақтастықтыӊ дамуына, білім және мәдени бағдарламалардыӊ қанат жаюына қажетті мүмкіндіктердіӊ барлығын жұмсаймын", - деді Қазақстандағы Ұлыбритания Елшісі.

Кездесу барысында шетелдік делегацияға инвесторларға "бір терезе" қағидасы бойынша қызмет көрсететін Орталықтыӊ,Индустриалды аймақтыӊ, АЭА "Инновациялық технологиялар паркініӊ" әлеуеті көрсетілді.

Қазіргі кезде Алматыда британдық капиталдыӊ қатысуымен сауда, қаржы, телекоммуникация, құрылыс және басқа салаларда 114 кәсіпорын жұмыс істейді.
Просмотров: 2862

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter