Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
24 қазан 2018
  • 02
  • :
  • 43
17:00

Алматыда 2017 жылы Мемлекеттік орталық музей қорына 1665 мұражайлық зат түскен17.05.2018
Қоғам  19:45
Алматы. 17 мамыр Kazakhstan Today - Алматыда 2017 жылы Мемлекеттік орталық музей қорына 1665 мұражайлық зат түскен.

Бұл туралы Алматы қаласы Өӊірлік коммуникациялар қызметініӊ алаӊында өткен брифингте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі директорыныӊ орынбасары Ғалия Теміртон айтты.

Ғалия Теміртонныӊ сөзіне сүйенсек, қордыӊ есепке алу және сақтау тобында он жеті маман жұмыс істейді (қорды есепке алу тобы - 5 маман, қор сақтау тобы - 12 маман).

Топтардыӊ негізгі міндеттері - белгіленген нормаға сай есепке алу құжаттары мен іс-қағаздарын жүргізу, музей құндылықтарыныӊ сақталуын қамтамасыз ету, ескерткіштерді қирау, ұрлану және бұзылудан қорғау, сондай-ақ, оларды зерттеуге және насихаттауға қолайлы жағдай жасау болып табылады. Қор сақтау тобы мамандарыныӊ міндетіне тікелей қор коллекцияларын сақтау кіреді.

Коллекция бойынша, деректердіӊ түріне, материалына қарай біріктірілген музейлік заттар 15 қорға бөлініп, қор сақтаушы мамандардыӊ материалдық жауапкершілігінде сақталады,-деді ол.

Қор жұмысындағы негізгі бағыттардыӊ бірі қабылдау және жаӊа түсімдерді есепке алу, қорды толықтыру және жабдықтау (Қорды жүйелі түрде толықтыру жұмыстары музей ісіндегі басты ғылыми бағыттардыӊ бірі болып табылады. Есеп беру мерзімінде жинақталған материалдарды музей қорына қабылдау үшін ҚІК-ныӊ 5 (бес) жиналысы өтіп, оныӊ шешімі арнайы хаттамамен рәсімделді. Жаӊа түсімдерге қабылдау актілерін жасау - 1665 с.б.); мәліметтер базасын құру, артефактілердіӊ сандық көшірмесі жасалды (сканерлеу, фотосуретке), (2012 жылдан бастап фотоқұжаттар қорындағы музейлік заттардыӊ сандық көшірмесін жасау (оцифровка) жұмыстары жүргізіліп келеді.

Есеп беру мерзімінде 13 кітаптыӊ толық сипаттамасы терілді. Барлығы: 39 602 с.б., оныӊ ішінде 2017 жылы - 2300 с.б. санды көшірмесі жасалды), сондай-ақ паспорттау мен атрибуциялау және т.б.

Қазіргі таӊда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейініӊ қорында 266 500 сақтам бірлік мемлекеттік тіркеуге алынған, оныӊ ішінде: негізгі қор - 215 645 с.б., ғылыми-көмекші қор - 49 593 с.б., уақытша қор - 1262 с.б. құрайды. Музейдіӊ негізгі қорындағы музейлік заттар мен коллекциялар ҚР музейлерініӊ ұлттық қорыныӊ құрамына кіреді, - деп сөзін қорытындылады Ғалия Теміртон.
Просмотров: 4624

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter