Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
22 қаңтар 2019
  • 11
  • :
  • 00
17:00

Алматыда "Қал қалпақтай" балалар шығармашылығы көрмесі ашылды10.12.2018
Қоғам  02:08
Алматы. 10 желтоқсан. Kazakhstan Today - ЮНЕСКО Қазақстан Ұлттық Федерациясы Клубтарыныӊ 10-жылдығын атап өту қарсаӊында Қазақстан Республикасыныӊ Орталық мемлекеттік музейінде 8-желтоқсан күні ЮНЕСКО клубы "Алые паруса" көркемсурет шеберханасыныӊ шәкірттері дайындаған "Қал қалпақтай" балалар шығармашылығы көрмесі ашылды.

"Алые паруса" көркемсурет шеберханасы педагогтарыныӊ ұйымшыл ұжымы балаларды көркем бейнелеу өнері мен дизайнге 8 жылдан бері баулып келеді. Оған суреттер, витраждар, макет және киім үлгілерін жасау кіреді. Балалар өз шығармашылығында қағаз, мата, саз, ағаш, пластилин мен басқа да түрлі материалдарды пайдаланады. Клубта театр шеберлігі үйірмесі тұрақты түрде жұмыс істейді және классикалық музыка концерттері үнемі өткізіліп тұрады.

Осыдан бір жыл бұрын барлық сынақ кезеӊдерінен сәтті өткен "Алые паруса" көркемсурет шеберханасы ЮНЕСКО Клубы мәртебесін иеленді.

Балалар шығармашылығы - балдырғандар қиялыныӊ шексіз шарықтау әлемі. Ол бояуларыныӊ сан-алуандығымен және күтпеген композициялық шешімдерімен ерекшеленеді. Өз еӊбегініӊ нәтижелерін - суреттері мен қолдан жасаған бұйымдарын мақтанышпен көрсетіп жүрген жас суретшілердіӊ бақытты жүздерін көрудіӊ өзі зор қуаныш!

"Қал қалпақтай" көрмесінде балалардыӊ орындалу техникасы әртүрлі жұмыстары қойылған.

Көрме шеӊберінде балғын дизайнерлер жасаған қалпақтардыӊ сәндік көрсетілімі өткізіледі. Дефиле кезінде балалар ата-аналарына скрапбукинг және оригами техникасымен өз қолдарымен істеген бұйымдарын сыйға тартады.

Пейзаждар, натюрморттар, қиял-ғажайып және тақырыптық суреттер зор қызығушылық туғызып отыр. Экспозицияға 40-тан астам бас киімдер мен балалар шығармашылығыныӊ 60-тан астам сан қырлы, еӊ жарқын жұмыстары қойылады.

Көрменіӊ ашылуында ҚР Орталық мемлекеттік музейі директорыныӊ орынбасары - Қақабаев Бейбітқали Смағұлұлы, "Алые паруса" көркемсурет шеберханасыныӊ жетекшісі, суретші-кескіндемеші, бейнелеу және сызу мұғалімі - Грибова Маргарита және KazFUCA ЮНЕСКО Қазақстан Ұлттық Федерациясы Клубтарыныӊ Бас хатшысы Ақжарова Сәбина Серікқызы сөз сөйлейді.

"Қал қалпақтай" көрмесініӊ салтанатты бөлігін жас актерлердіӊ барлық қатысушылар мен келушілер үшін арнайы дайындаған "Некрасивая ёлка" спектаклі тәмамдайды.

Музей алқызыл желкен астындағы шығармашылық әлемімен танысуға шақырады.

Көрме 2018 жылдыӊ 24-желтоқсанына дейін өтеді.
Просмотров: 6332

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter