Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
19 қараша 2017
  • 25
  • :
  • 47
17:00

Алматыда қалалықтар үшін "Open Almaty" атты қоғамдық қабылдау ашылды13.09.2017
Қоғам  17:26
Алматы. 13 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Open Almaty" - Алматы әкімдігініӊ түрлі өмірлік жағдайларды шешу және тұрғындарға қызмет көрсету жөніндегі жаӊа жобасы. Қоғамдық қабылдауға келген әрбір жанға тиісті кеӊес беріледі және олар әкімдікке, қала басқармаларына, прокуратураға, полицияға, мемлекеттік кіріс департаментіне және басқаларға жолданған өз өтініштерін қалдыра алады. Алматы әкімі Бауыржан Байбек қоғамдық қабылдауда болған кезінде жаӊа сервистіӊ мемлекеттік органдардыӊ жұмыс тиімділігін арттырумен қатар тұрғындар алдында ашықтығын, есепті екенін көрсететінін атап өтті.

Жаӊа қалалық сервис арқылы қаланыӊ әрбір тұрғыны немесе қонағы түрлі қызметке қатысты өз ұсынысы мен шағымын қаланыӊ қоғамдық қабылдауына www.open-almaty.kz интернет- порталы немесе 1308 нөмірі бойынша жібере алады. "Open Almaty" порталы бойынша түрлі өмірлік жағдайларды шешу алгоритмімен қоса қаланыӊ коммуналды қызмет көрсету орындарыныӊ (жол, арық, жылу жүйесін, аула және басқаларын жөндеу) жұмыстарымен танысып, байланыса алады.

Қоғамдық қабылдаудыӊ фронт-офисінде қаланыӊ барлық аудандарыныӊ, тұрғын үй, жұмыспен қамту және әлеуметтік қызмет, жолаушылар көлігі, табиғи ресурстар мен архитектура басқармаларыныӊ, қалалық прокуратура, полиция, мемлекеттік кіріс департаментініӊ, ТЖД-ніӊ, ХҚКО-ныӊ, кәсіпкерлердіӊ Ұлттық палатасыныӊ өкілдері, медиаторлар қызмет көрсетеді.Басқармалар басшылары қоғамдық қабылдаулар өткізіп, қалалық түрлі бастамаларды таныстыра алады.

Айта кетерлігі, 2015 жылдыӊ өзінде Алматы әкімдігі қалалықтарға қолайлы болу үшін Инстаграмда өз аккаунтын ашқан еді, 3 лүпілден соӊ өтінім тіркеліп, әкімдікке жіберілетін. 2 жыл ішінде Инстаграмдағы тұрақты аудитория 150 мыӊ жазылушыға жетті, қалалықтардыӊ 20 мыӊ өтінімі орындалды.

Жаӊа сервистіӊ жұмыс кестесі қала тұрғындарыныӊ жұмыс уақытын ескере отырып жасалған, қызмет көрсету уақыттары жай күндері сағат 8.00 ден 20.00-ге дейін, сенбі күндері сағат 10.00 нан 17.00-ге дейін.

Қоғамдық көліктіӊ жақын бекеттері: "Әуезов атындағы театр" (Абай даӊ) баратын автобустар 3,33,34,62,65,66,92,118,120,123,128 мен троллейбустар 5,19,25; "Қастеев мұражайы" (Сәтпаев көш.) - автобустар 18,35,121; "Орталық аурухана" (Жандосов көш.) - автобустар 18,44,62,66,95,121,123;метро бекеті - Әуезов атындағы театр.

Мекенжайы:Байзақов көшесі, 280 (Сәтпаев көшесініӊ бұрышы) "Алматы Тауэрс" орталығы.

Анықтама үшін:

Қазіргі кезде әкімдіктіӊ "Open Almaty" қоғамдық қабылдауында мемлекеттік органдардыӊ өкілдері қабылдау жүргізуде, арыз- шағымдар әлеуметтік желілер арқылы түседі - аудандар әкімдіктері (55 %), тұрғын үй және тұрғын үй қатынастары, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу, архитектура және қала құрылысы басқармалары (45% өтінім) бойынша.

2018 жылдан бастап қала басқармалары және коммнуалдық қызмет көрсету кәсіпорындары жөнінде жобаныӊ 2-ші кезегі жүзеге асыру жоспарланған.
Просмотров: 1487

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter