Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
15 желтоқсан 2017
  • 04
  • :
  • 50
17:00

Алматыда жаӊа арық желілерін салу жұмыстары жалғасуда10.08.2017
Қоғам  19:26
Алматы. 10 тамыз. Kazakhstan Today - Алматыда биылғы жылы ұзындығы 14,7 км арық желілері салынып, 52 көшедегі 42,2 км арық қайта жасалуда. Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары аясында қаланыӊ арық желілерін салу мен қайта жасау, сонымен қатар арна аӊғарларын мықтылау жұмыстарыныӊ барысын тексерді.

Бауыржан Байбек Алатау ауданыныӊ "Алғабас" ықшам ауданындағы Теилов, Момышұлы, Соқпақбаева, Қалдаяқов, Лермонтов, Сәтпаев, Маметова, Бажанова, Абай, Байтұрсынов және Рысқұлов көшелері бойындағы арық желісін салу мен құрғату жүйесініӊ жұмысын тексерді. Ықшам елді мекенде ұзындығы 7 км болатын арық арналарына лотоктар төселуде, тереӊдігі 2 км , ал ұзындығы 2 км болатын жекелеген учаскелердегі траншеяларға тренажды турбалар тарту жұмыстары жүріп жатыр. "Теплоэнергетик" және "Энергостроитель" саябақтар арқылы ағатын Қарғалы өзенініӊ жекелеген учаскелерінде тазарту,жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары да қарқын алған.

Алматы әкімі Наурызбай ауданындағы Надыров, Тажиев, Құлыбеков, Сланов көшелері бойымен өтетін ұзындығы 4 километрден асатын арық желісініӊ құрылысын да тексерді. Аудан әкімі Сайран Сайфеденов бұрын бұл көшелерде арық жүйелерініӊ болмағанын, бүгінгі күнге дейін 1,3 км жерге жаӊа арық желілері мен жауын канализациясыныӊ тартылғанын айтты. Арық желілеріне қатысты құрылыс жұмыстарын биылғы жылдыӊ қазан айында аяқтау жоспарланған.

Атап өтерлік жайт, ұзындығы 14,7 км болатын жаӊа арық салумен қатар 57 көшедегі ұзындығы 42,2 км болатын арық жүйесі жаӊартылды, сегіз аудан әкімдігінен ұзындығы 500 км болатын 488 көшеде жаӊа арықтар мен жауын канализацияларын салудыӊ ЖСҚ дайындау үшін өтінімдер түскен.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында "Кіші Алматы" өзені ағып өтетін Жетісу ауданындағы Волочаевская көшесі бойындағы су аӊғарларын және Медеу ауданындағы Таиров көшесі мен Бостандық ауданындағы "Бағанашыл" ықшам ауданындағы биік беткейлерді мықтылау жұмыстарын да тексерді. Бұл учаскелерде габионды конструкциялардан жасалған қорғаныс қабырғалары орнатылып, жер асты жұмыстары жүріп жатыр.

Жетісу ауданындағы беткейдіӊ ұзындығы 345 м., биіктігі 7 метрге дейін. Қазіргі кезде мұнда қажетті жұмыстыӊ басым бөлігі аяқталған, жиналған топырақтыӊ 90%-ы сыртқа шығарылған. Орта қысымды газ жүргізу арқылы технологиялық процесстер қамтамасыз етілген, жоғары қысымды су құбырлары бойынша демонтаж және монтаждау жұмыстары жүзеге асып, электр желілерініӊ тіректері жылжытылған. Осы учаскедегі жұмысты биылғы жылдыӊ 1 қазанына дейін аяқтау жоспарланған.

Медеу ауданындағы беткейлердіӊ ұзындығы 470 метр. Қазіргі кезде мұнда ұзындығы 410 метрден асатын жердегі металл қоршаулар, бетон блоктар, ағаштан салынған шағын құрылыстар алынып тасталған және сыртқа 1600 текше метрден астам қоқыс шығарылған. Жұмысты биылғы жылдыӊ қазан айында аяқтау жоспарланған.

Бостандық ауданындағы "Бағанашыл" ықшам ауданында беткейлерді мықтылау жұмыстары да кестеге сай жүріп жатыр, скважиналар бұрғыланып, топырақтыӊ құрамы анықталуда.Жобалаушылар топырақтыӊ сейсмикалық жағдайға төзімділігі мен құрамына қарай мұндағы тірек қабырғаларыныӊ түрін жасайтын болады. Қазіргі кезде беткейі бұрғыланып, одан шыққан топырақ сыртқа шығарылуда. Жұмысты биылғы жылдыӊ қазан айыныӊ соӊына қарай аяқтау жоспарланған.

Бостандық ауданындағы "Ақтөбе" ықшам ауданында үш жеке тұрғын үйлер мен 12 жер учаскесін біріктіретін көпірді қайта жасау жұмыстары аяқталды. Мұнда да бұрынғы темірбетон қоршаулар алынып тасталды, мнонолитті темірбетонды қондырғылар орнатылды, өзенніӊ түбіне тікбұрышты темірбетон құбырларыныӊ астына плиталар төселіп, көпірдіӊ үстіӊгі жағына металл қоршаулар орнатылатын болады.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек кезекті жұмыс сапарында Наурызбай ауданындағы әкімшілік орталықтыӊ және әлеуметтік нысандардыӊ құрылыс барысын, сонымен қатар Қарғалы өзені бойыныӊ абаттандырылуын тексерді.
Просмотров: 1496

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter