Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
19 тамыз 2017
  • 09
  • :
  • 49
17:00

"Астана Опера" Камералық залында "Қазақквартетпен әлемге саяхат" атты үлкен музыкалық циклдан концерт өтеді18.03.2017
Қоғам  10:58
Астана. 18 наурыз. Kazakhstan Today - Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартетініӊ сапары жалғасады. 18 наурызда "Астана Опера" Камералық залыныӊ сахнасында "Қазақквартетпен әлемге саяхат" атты үлкен музыкалық циклдан концерт өтеді. Музыканттар тыӊдармандыАлманияға барып қайтқандай әсерге бөлемекші.

- Осы циклдыӊ идеясы - әрбір жаӊа концертте әр түрлі елдер мен дәуірлердегі композиторлардыӊ шығармашылығын паш ету. Алдағы уақытта өтетін кеш неміс композиторларыныӊ мұрасына арналған, жоспарда француздық, италиялық, латын американдық, австриялық композиторлардыӊ шығармашылығына назар аудару жоспарға алынған, сондай-ақ біздіӊ барлық саяхатымыз Қазақстаннан басталатындықтан, бағдарламалардыӊ әрқайсысында қазақстандық композиторлардыӊ да музыкасыұсынылады,- деп атап өтті Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері Квартеттіӊ жетекшісі Ернар Мыӊтаев.

Концерт бағдарламасына И.С.Бахтыӊ "Фуга өнері", Ф. Мендельсонныӊ №6фа минор ішекті аспаптар квартеті және А. Жайымныӊ №1 ішекті аспаптар квартетісияқты әйгілі шығармалар енгізілген.

Квартеттіӊ қатысушылары - Айдар Тоқталиев (1-скрипка), Алексей Лебедев (2- скрипка), Бекзат Сайлаубайұлы (альт), Ернар Мыӊтаев (виолончель) - бағдарламаға қандай шығарма енгізуге болатынын ұзақ талқылаған.

- Егер неміс композиторларыныӊ шығармашылығына назар аударсақ, біз оныӊ өте ауқымды екенін байқаймыз. Ұзаққа созылған талқылаудан кейін біз кемеӊгер неміс композиторы И.С.Бахтыӊ музыкалық туындыларынсыз концерт толық болмайтыны туралы ортақ пікірге келдік. Романтикалық бағыттағы неміс музыкасыныӊ тағы бір жарқын өкілі - Ф. Мендельсон. Азғантай өмір сүргеніне қарамастан ол өзінен кейін көптеген ғажайып, әсерлі, екпінді шығармалар, соныӊ ішінде ішекті аспаптар квартетін қалдырды.Концерт бағдарламасы Арман Жайымныӊ Ішекті аспаптар квартетімен аяқталады. Оныӊ музыкасын қай жерде орындасақ та,ол бәріне ұнайды,-деп аяқтады сөзін Ернар Мыӊтаев.

Концерттіӊ басталуы18:00, билет бағасы- 2000 теӊге.
Просмотров: 2996

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter