Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
14 қараша 2018
  • 02
  • :
  • 11
17:00

"Батыс" өӊірлік қолбасшылығыныӊ әскери бөлімдері мен құрамаларына болашақ отан қорғаушылар келді08.11.2018
Қоғам  18:15
Астана. 8 қараша. Kazakhstan Today - "Батыс" өӊірлік қолбасшылығыныӊ әскери бөлімдері мен құрамаларында 2018 жылғы күзгі шақырылымныӊ жас толымымен жалпы әскери дайындық курсы өтуде. Биылғы жылы "Батыс" ӨӊҚ бөлімшелерін Қазақстанныӊ барлық өӊірлерінен Қазақстанныӊ барлық өӊірлерінен 500-ден аса мерзімді қызметтегі әскери қызметші толықтырды.

Сабақтар барысында келген әскери қызметшілер жалпыәскери дайындықтыӊ негіздерін зерделейді, әртүрлі күнделікті қызметтік жұмыстарда білім мен іс-қимыл машықтарын жинақтайды. Жаӊа жағдайларға жас толымныӊ бейімделуі үшін тәжірибелі офицерлер мен сержанттар тағайындалды.

Жас толымды зерделеу барысында білім деӊгейі мен мамандықтыӊ болуына, мінез-құлық ерекшеліктері мен іскерлік қасиеттерге, әр әскери қызмтешініӊ жеке ерекшеліктеріне аса мән беріледі. Жалпыәскери дайындық курсы аяқталған соӊ мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер Әскери ант қабылдайды.

Ағымдағы жылдыӊ күзінде ҚР Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына 1992-2000 жылдары туған 17 мыӊнан аса азаматты шақыру жоспарланып жатқанын айта кетейік.
Просмотров: 3526

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter