Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
20 шілде 2018
  • 08
  • :
  • 58
17:00

Даниал Ахметов: "ШҚО оқушылары музей мен театрларға жүйелі түрде баратын болады"10.01.2018
Қоғам  23:27
Өскемен. 10 қаӊтар. Kazakhstan Today - Енді Шығыс Қазақстан оқушылары музей мен театрларға жүйелі түрде баратын болады. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бағдарламасы талқыға түскен кеӊейтілген аппараттық кеӊесте айтты.

Шығыс Қазақстан облысында 10 аймақтық музей, сондай-ақ оныӊ 5 бөлімі жұмыс істейді. Басты мақсаты - аймақтыӊ тарихи, мәдени мұраларын сақтау, зерттеу және тарату. 2017 жылы өӊірде 400-ден аса мәдени іс-шара ұйымдастырылып, театр тарландарымен 585 саxналық көрініс қойылды. Облыс театрлары мен музейлерініӊ жұмысы қаншалықты тиімді болса да, облыс әкімі оқушылардыӊ сол мәдени мекемелерге көп келе бермейтінін қатаӊ сынға алды.

- Мектеп оқушылары аймақтыӊ музей мен театрларына жүйелі түрде барып тұрулары қажет. Тарих, география, биология және мәдениеттану сабақтарын өткізу үшін музейлерді пайдалану туралы бағдарлама дайындауды тапсырамын. Сонымен қатар, оқушылардыӊ қойылымдарға баруына жағдай жасап, қосымша қаржы бөлейік, - деді Даниал Ахметов.-Өйткені барлық мемлекеттік бағдарламалар жастарға бағытталған және бұл балаларымызға біздіӊ мәдени мұрамызбен танысуға мүмкіндік береді.

2017 жылы өӊірде алты жоба "Рухани Жaӊғыру" бағдарламасы аясында бастау алды. Атап айтқанда, "Киелі география", "Жаһандану әлеміндегі қазіргі Қазақстан мәдениеті","Туған жер" және басқа да жобалар ұлттық бірегейлікті және жаӊа қазақстандық патриотизмді насихаттау мақсатында жүзеге асырылып келеді.

- Қоғамныӊ рухани дамуына ерекше назар аудару қажет. Ал "РуханиЖаӊғыру" бағдарламасы осы бөліктіӊ негізі болып саналады. Бұл мемлекеттік бағдарламаныӊ мәні барлық бұқаралық ақпарат құралдарында лайықты жариялануы керек. Бұл бағытта жүргізілетін әрбір жұмыс әрбір азамат үшін анық болуы тиіс, - деп атап өтті облыс әкімі.

Айта кету керек, Шығыс Қазақстанда археологиялық зерттеулер жалғасын табуда. Бұл ретте аймақ басшысы Даниал Аxметов археологиялық зерттеулерге оқушыларды қатыстыру турасында тиісті бағдарламаларды дайындауды бұйырды, деп хабарлайды ШҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.
Просмотров: 3153

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter