Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
21 сәуір 2018
  • 08
  • :
  • 28
17:00

Қазақстан бір қырғыз кондитерлік өнімдерін өндірушісіне қатысты уақытша шектеулерді алып тастады10.01.2018
Қоғам  23:35
Астана. 10 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігініӊ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті бір қырғыз кондитерлік өнімдерін өндірушіге қатысты уақытша шектеулерді алып тастады.

"Кондитерлік бұйымдарды әкелуге және өткізуге тыйым салу бойынша уақытша санитариялық шараларды енгізу туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерініӊ қаулысын жою үшін Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігініӊ "Куликовский" кондитерлік үйі" кәсіпорнына қатысты қажетті шараларды қабылдау және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу туралы хабарламасы, сондай-ақ Кеден одағыныӊ техникалық регламенттері талаптарына сәйкес келетін кондитерлік өнімдерге жүргізілген зертханалық зерттеулер нәтижелері негіз болды.

Сәйкес келмейтін өнімдердіӊ қаупін азайту мақсатында, Комитет Еуразиялық экономикалық комиссия Кеӊесініӊ тиісті шешімімен реттелетін зертханалық бақылауды күшейту шеӊберінде жоғарыда аталған кәсіпорынныӊ өнімдерін енгізу сатысында қауіпсіздікті қадағалауды жалғастырады.

Бақылаудыӊ осы түрі уақытша санитариялық шараларға балама болып табылады және кондитерлік өнімдерді Қазақстанныӊ тұтыну нарығына әкелуге және өткізуге болатындығын білдіреді, бірақ бұрын-соӊды анықталмаған кондитерлік өнімдерді анықтаған әрбір өнім атауы 10 топтамасы зертханалық бақылауды 3 айға дейін өткізеді, деп хабарлайды комитеттіӊ баспасөз қызметі.
Просмотров: 3248

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter