Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
14 қараша 2018
  • 03
  • :
  • 03
17:00

Қазақстанда "Электрондық үй кітапшасы" қолданысқа енгізілді08.11.2018
Қоғам  18:20
Астана. 8 қараша. Kazakhstan Today - ІІМ Әділет, Ақпарат және коммуникациялар министрліктері, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемкорпорациясымен бірлесіп, ағымдағы жылғы қазаннан бастап "электрондық үй кітапшасын" қолданысқа енгізді.

Тіркелгені туралы мәліметтерді әрбір азамат, ал тұрғын үй иесі - оныӊ мекенжайында тіркелген барлық адамдар туралы ХҚКО немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгінген кезде ала алады.

Портал арқылы мәліметтер алу үшін электрондық цифрлық қолтаӊба немесе бірреттік парольдіӊ көмегімен қол қойылған электрондық сұрау салу, егер ұялы телефонныӊ нөмірі Азаматтардыӊ мобильді базасында тіркелсе, "электрондық үкімет" порталдыӊ есептік жазбасына сұрау салу қажет.

Сонымен бірге, "электрондық үй кітапшасында" нақты жылжымайтын мүлік объектісіне анықтамада көрсетілген адамдар туралы мәліметтер мекенжайды тіркеу кодыныӊ мекенжай мәліметтері болған жағдайда беріледі.

Қазіргі уақытта ІІМ мекенжайды тіркеу кодын автоматтандырылған түрде енгізу бойынша жұмыстарды жүргізуде.Бүгінгі күні халықтыӊ 50% астамыныӊ мекенжай мәліметтеріне мекенжайды тіркеу коды енгізілді, осы жұмыс жылдыӊ соӊына дейін аяқталатын болады.

Автоматтандырылған түрде мекенжайды тіркеу кодын енгізу барысында сәйкессіздіктер немесе дұрыс емес мекенжай мәліметтері анықталған кезде азаматтарға мекенжай деректерін түзету үшін ХҚКО-ға жүгіну қажет.
Просмотров: 3462

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter