Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
27 шілде 2017
  • 16
  • :
  • 42
17:00

Қызылорда облысында "Бақытты отбасы - бақытты балалық шақ" партиялық жобасы аясында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды19.05.2017
Қоғам  15:34
Қызылорда. 19 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық нұротандықтар "Бақытты отбасы - бақытты балалық шақ" партиялық жобасы аясында қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, мүмкіндігі шектеулі 3 сынып оқушысы Гауһар Ибраеваға қаржылай көмек көрсетті.

"Гауһар Жосалы кентіндегі №27 мектептіӊ 3 сынып оқушысы. Үйден оқытылады. Аз қамтылған, көпбалалы отбасында тәрбиеленуде. Ата-анасы жұмыссыз. Отбасында 5 баланыӊ екеуі мүгедек. Мүмкіндігі шектеулі болса да, сабақты жақсы оқиды, әрі өнерлі",- дейді партия қабылдауына өтініш білдірген сынып жеткшісі Жұлдызай Битенова.

Гауһар мүмкіндігі шектеулі балғындар арасындағы облыстық байқауда жеӊімпаз атанып, 25 мамыр мен 1 маусым аралығында Алматы қаласында республикалық деӊгейде мүмкіндігі шектелуі балғындар арасындағы "BI Жұлдызай" өнер байқауына жолдама алған. Шәкіртініӊ жағдайын ойлаған Жұлдызай осы байқауға бару үшін партиялықтардан көмек сұраған.

Жұлдызайдыӊ өтініші назардан тыс қалмады. Нұротандықтар ұйымдастырған бұл жолғы қайырымдылық шарада құқық қорғау органы саласыныӊ қызметкерлері белсенділік танытты. Атап айтар болсақ Қызылорда облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасыныӊ ММ 2- полиция батальоныныӊ 3- ші взвод командирі, полиция капитаны Бегім Ибраев, 2- полиция батальоныныӊ 3-ші взвод командирініӊ көмекшісі, полиция аға сержанты Камал Әбдіқасымов, 2- полиция батальоныныӊ 3- ші взвод полиция сержанты Жомарт Бахрадинов сондай-ақ аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығыныӊ басшысы Әмір Сағатов қатысып, өнерлі бүлдіршінге демеушілік көрсетті.

Шара барысында "Нұр Отан" партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасыныӊ бірінші орынбасары Дастан Буханов өнерлі балғынға шығармашылық табыс тілеп, белсенділік танытқан, көмек қолын созған азаматтарға партия атынан шынайы алғысын білдірді.
Просмотров: 3773

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter