Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
19 қараша 2017
  • 25
  • :
  • 48
17:00

Қызылордада бейнебақылау камераларыныӊ көмегімен автокөліктердіӊ магнитолаларын қолды қылып жүрген азамат ұсталды13.09.2017
Қоғам  17:21
Қызылорда. 13 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасыныӊ Жедел басқару орталығыныӊ кезекші инспекторлары Жаппасбай батыр көшесінде орналасқан бейнебақылау камераларыныӊ көмегімен аумақты шолу барысында автокөліктіӊ магнитоласын ұрлап бара жатқан бір азаматты байқайды. Жедел түрде оқиға орнына "Боран" экипажы жіберіліп, нәтижесінде Қызылорда қаласыныӊ 1987 жылы туған тұрғыны ұсталады.

Аталған дерек Сотқа дейінгі тергеп-терсерудіӊ бірыӊғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексініӊ 188-бабымен тіркеліп, тиісті тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Атап өтерлік жайт, жыл басынан бері бейнебақылау камераларыныӊ көмегімен 97 қылмыстыӊ беті ашылып, 22 686 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оныӊ 20 248-і жол қозғалысы ережесініӊ талаптарын бұзу деректері болып табылады.

Сонымен қатар, "Мүлдем төзбеушілік" қағидатын қалыптастыру мақсатындағы заӊ талаптарын орындамау деректері бойынша, атап айтқанда Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексініӊ 434-бабын (ұсақ бұзақылық) бұзудыӊ 1314 дерегі, ӘҚБтК-ніӊ 440-бабын бұзудыӊ (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаӊ күйде келу) 859 дерегі, ӘҚБтК-ніӊ 449-бабын бұзудыӊ (қоғамдық орындарда тиісу) 9 дерегі анықталды,- деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.
Просмотров: 1494

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter