Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
24 тамыз 2017
  • 15
  • :
  • 02
17:00

Қызылордада "Наурыз мерейі" қайырымдылық шарасы өтті17.03.2017
Қоғам  10:51
Қызылорда. 18 наурыз. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы әкімдігініӊ Ұлыстыӊ Ұлы күні - Наурыз мейрамын мерекелеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қызылорда облысыныӊ Әділет органдарыныӊ ұйымдастыруымен ағымдағы жылдыӊ 16-17 наурыз күндері "Наурыз мерейі" атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Алдымен Отбасы үлгісіндегі балалар ауылына барып, спорттық киімдер табысталып, тәттілер таратылды. Шара барысы Қызылорда қаласы №2 облыстық балаларды оӊалту орталығында жалғасын тауып, сол өмірдіӊ тыныс-тіршілігін көзбен көріп, мүмкіншіліліктері шектелген балалардыӊ дамуын жетілдіруге арналған "Монтессори" әдісімен емдеу құралдары табысталып, сәбилер мол қуанышқа кенелтілді. Сондай-ақ, тұрмысы төмен, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған, көп балалы 3 отбасы азық түлекпен қамтылды. Мұқтаж жандар қатарынан 7 бала тәрбиелеп отырған Мадиаровтар отбасы, 5 бала тәрбиелеп отырған жалғыз басты ана А.Мұханова, 4 бала тәрбиелеп отырған А.Досмағамбетова қайырымды жандарға өз алғыстарын білдіріп, келе жатқан наурыз мерекесімен құттықтап, ізгі лебіздері мен ризашылықтарын білдірді.
Просмотров: 1258

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter