Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
21 сәуір 2018
  • 08
  • :
  • 28
17:00

Маӊғыстау облысында бірқатар кадрлық өзгерістер жасалды10.01.2018
Қоғам  23:22
Ақтау. 10 қаӊтар. Kazakhstan Today -Маӊғыстау облысында бірқатар кадрлық өзгерістер жасалды. Аппараттық жиында сөз алған облыс әкімі Ералы Тоғжанов жаӊа тағайындаулар туралы айтты.

Облыс әкімініӊ кеӊесшісі болып Әсел Балманова Аманбеқызы тағайындалды.

Әсел Балманова Батыс-Қазақстан облысы Орал қаласында 22 қыркүйек 1987 жылы дүниеге келген. Білімі - жоғары (2009 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университеті, 2012 жылы "Евразия" институты "Юриспруденция", 2016 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университеті - "Экология" магистрі).

Еӊбек жолын 2010 жылдыӊ наурыз айынан Батыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасыныӊ, қоршаған ортаны қорғау және мониторинг бөлімініӊ бас маманынан бастады.

11.2012-12.2016 жж.- бас маман, Батыс-Қазақстан облысы әкімі аппаратыныӊ ақпараттық және құжат айналымы бөлімініӊ басшысы;

02.2017-10.2017жж. - Батыс-Қазақстан облысыныӊ ауылшаруашылық басқармасыныӊ құқықтық қамтамасыз ету бөлімініӊ басшысы;

10.2017 - 08.2018 жж. - "Батыс Қазақстан облысыныӊ кәсіподақтар орталығы" Кәсіподақтар аймақтық қауымдастығыныӊ төрағасыныӊ орынбасары қызметтерін атқарды.

Бауыржан ҚайратовҚайратұлы "Ақтау теӊіз порты" арнайы экономикалық аймағы" АҚ Басқармасыныӊ төрағасы болып тағайындалды.

Бауыржан Қайратов1987 жылдыӊ 4 қарашасындаШығысҚазақстан облысыСемей қаласында туған. Білімі - жоғарғы (2010 жылы "Болашақ" бағдарламасы аясында АҚШ-тыӊ Индиана университетін, 2016 жылы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдады).

Еӊбек жолын 2010 жылы Шығыс Қазақстан облысыныӊКурчатов қаласындағы "Тасымал көлігі" ЖШС-ніӊқаржы директоры болып бастаған.

04.2012-11.2012 - сарапшы м.а., Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігініӊ арнайы бағдарламалар басқармасыныӊ сарапшысы (Астана қаласы);

11.2012-02.2013жж. - Мемлекеттік басқаруды дамыту департаментініӊ Мемлекеттік басқаруды дамыту саясаты департаментініӊ бас сарапшысы,(Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, Астана қаласы).

03.2013-01.2014жж. - Мемлекеттік басқаруды дамыту департаментініӊ Мемлекеттік басқаруды дамыту департаментініӊ бас сарапшысы (Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Астана қаласы).

01.2014-10.2014 жж. -Әлеуметтік және көші-қон саясаты департаментініӊ білім, ғылым, мәдениет және спортты дамыту басқармасыныӊбасшысы (Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Астана қаласы).

10.2014-02.2017жж. -Әлеуметтік, көші-қон саясаты және мемлекеттік органдарды дамыту департаментіБілім, ғылым, мәдениет, спортты дамыту басқармасыныӊ басшысы;

03.2017-05.2017жж. -Әлеуметтік саясат және мемлекеттік органдарды дамыту департаменті Білім, ғылым, мәдениет, спортты дамыту басқармасыныӊ басшысы(Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, Астана қаласы).

05.2017-06.2017жж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеӊсесініӊ Ақпараттық-аналитикалық орталығыныӊ жедел ақпарат секторыныӊ меӊгерушісі.

06.2017-01.2018жж.- "Қазақинвест" ұлттық компаниясы"АҚ Маӊғыстау облыстық филиалы директорыныӊ орынбасары қызметтерін атқарды.

Маӊғыстау облысыныӊ ауыл шаруашылығы басқармасыныӊ басшысы болып Серік Қалдығұл Сырымұлы тағайындалды.

Серік Қалдығұл 1968 жылы 19 қазанда Маӊғыстау облысы, Маӊғыстау ауданы, Шетпе ауылында дүниеге келген.

Білімі - жоғары, 1992 жылы Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылық институтын "агроном" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еӊбек жолын 1992 жылы Ақтау қаласында бастаған.

05.1992-04.2001 жж.- Ақтау қаласындағы "Теӊге" фирмасындаброкер.

04.2001-02.2002жж.- Ақтау қаласындағы"Семсер" ЖАҚ кеӊесшісі (консультант).

05.2002-08.2007жж.- "Берекет-Ақтау" ЖШСдиректоры

02.12.2007-06.12.2007жж.-Маӊғыстау облысыныӊ ауыл шаруашылығы басқармасыныӊ Ауыл шаруашылық өнімдерін өӊдеу және техникалық саясат бөлімініӊ басшысы.

06.12.2007-30.01.2009жж.- Мұнайлы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімініӊ басшысы.

04.02.2009-19.02.2010жж.- Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімініӊ сектор меӊгерушісі

19.02.2010 -05.05.2011жж. - Мұнайлы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімініӊ басшысы.

06.05.2011-02.08.2013 -Мұнайлы ауданы Дәулет ауылыныӊ әкімі.

05.08.2013-26.11.2017 - Жаӊаөзен қаласы әкімініӊ орныбасарыныӊ м.а., Жаӊаөзен қалсы әкімініӊ орынбасары.

27.11.2017-03.01.2018жж.- Маӊғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысыныӊ орынбасары болып қызмет атқарды.

"КазАвтоЖол" ҰК АҚ Маӊғыстау облыстық филиалыныӊ директоры қызметінеЕрбол ОмаровБақтиярұлы тағайындалды.

Ербол Омаров 1985 жылы Оӊтүстік Қазақстан облысында туған.

Білімі - жоғары, 2006 жылы М.Тынышбаев атындағы Қазақ Көлік және коммуникация академиясын "Автомобиль жолдары және аэродромдар құрылысы" мамандығы бойынша аяқтаған.

2009 жылы Алматы университетініӊ заӊ факультетін бітірді.

Еӊбек жолын 2006 жылдыӊ тамыз айында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігініӊ Көлік инфрақұрылымы комитетініӊ техникалық саясат басқармасыныӊ жетекші маманы ретінде бастады.

2006-2007 жж. Қазақстан-Ресей автожол кешенініӊ жол бөлімінде жетекші маманы;

2007-2011 жж. Қазақстан Республикасы Көлік инфрақұрылымы комитетініӊ құрылымында;

02.2011-04.2011жж.- "Жол-Сапа" ЖШС инженері;

2011-2013жж.- бизнес саласында;

2013-2017жж.- "ҚазАвтоЖол" ҰК" Ақ Оӊтүстік Қазақстан облыстық филиалыныӊ директорыныӊ орынбасары;

2017 жылдыӊ наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін "Қазахавтодор" РМК директорыныӊ орынбасары болып қызмет етті.

"Жол саласына қосқан үлесі үшін" медалімен, "Батыс Европа-Батыс Қытай" жобасын жүзеге асыруға үлес қосқаны үшін "Құрметті жолшы" төс белгісімен марапаталған.
Просмотров: 3120

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter