Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
14 қараша 2018
  • 03
  • :
  • 09
17:00

Нұрлан Нығматулин Эстонияныӊ Премьер-Министрі Юри Ратас бастаған делегация өкілдерімен кездесті08.11.2018
Қоғам  17:32
Астана. 8 қараша. Kazakhstan Today - 6-қарашада Парламент Мәжілісініӊ Төрағасы Нұрлан Нығматулин Эстонияныӊ Премьер-Министрі Юри Ратас бастаған делегация өкілдерімен кездесті.

Тараптар екіжақты қарым-қатынасты нығайтудыӊ өзекті сұрақтарын талқылады.

Мәжіліс Төрағасы Эстония Қазақстанныӊ Балтық аймағындағы маӊызды әріптесі екенін алға тарта келіп, өткен жылы екі ел арасында дипломатиялық қатынастыӊ орнағанына 25 жыл толғанын атап өтті.

Біздіӊ еліміз аталған мемлекетпен жан-жақты әрі сындарлы диалогты одан әрі дамытуға ынталы.

Мәжіліс Төрағасы әсіресе, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ бастамасымен жүзеге асырылып жатқан "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасына айрықша тоқталды.

Осы ретте Эстонияныӊ цифрландыру, ақпараттық-коммуникациялық технология саласындағы жетістіктерін сөз еткен Н. Нығматулин осы бағытта жан-жақты, соныӊ ішінде, заӊнамалық деӊгейде тәжірибе алмасудыӊ маӊыздылығына ерекше көӊіл бөлді.

Өз кезегінде Эстония Премьер - Министрі Қазақстанныӊ, соныӊ ішінде, Астананыӊ даму қарқынына таӊданысын жасырмады. Сондай-ақ, біздіӊ елдеріміздіӊ өзара іс-қимылы табысты дамып келе жатқанын айта келіп, екіжақты қатынасты одан әрі нығайтудыӊ әлеуеті зор екеніне тоқталды.

Одан әрі Палата Спикері Мәжілістіӊ заӊ шығармашылық жұмысы жайында әӊгімелей келіп, парламентаралық байланысты күшейту мәселелеріне тоқталды.
Просмотров: 2974

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter