Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
18 қазан 2017
  • 25
  • :
  • 05
17:00

ОҚО Ордабасы ауданында 130 мүгедекке арба табыс етілді10.01.2017
Қоғам  12:37
Астана. 10 қаӊтар. Kazakhstan Today - Ордабасы ауданында 130 мүгедекке арба табыс етілді. Бұл туралы аудандық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімініӊ басшысы Гүлжан Досова хабарлады. 130 азаматтыӊ 56-сына облыстық бюджет есебінен берілсе, 74-іне аудандық қазынадан қаржы қаралған,- деп хабарлайды облыстық әкімдік.

Бөлім басшысы аталған азаматтардыӊ бірі, І топ мүгедегі Темірлан ауылынӊ тұрғыны Анар Иманқұлованыӊ үйіне барып, оған серуендеуге арналған мүгедектік арба табыс етті.

Аудан орталығында ашылған жалғызілікті қарттарға әлеуметтік үйде көмек көрсету бөлімшесінде тіркелген 97 қарияға 23 әлеуметтік қызметкер бекітілген. Ал мүмкіншілігі шектеулі мүгедек балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде 95 бала және 18 жастан асқан, жүйке ауруымен ауыратын 12 адамды есепке алынған. Бұл азаматтарға 20 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетуде. Әлеуметтік қызметкерлер олардыӊ үйлеріне барып, көмектесіп тұрады.

Түркістан аймақтық мүгедек балаларды оӊалту орталығына 24 балаға жолдама берілді. Үйлерінде сабақ алатын 131 мүмкіншілігі шектеулі оқушыға 2016-2017 оқу жылында 2 млн. 80 мыӊ теӊге жәрдемақы тағайындалып, толығымен төленді.
Просмотров: 1249

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter