Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
11 желтоқсан 2018
  • 21
  • :
  • 35
17:00

Премьер-министр орынбасары Асқар Жұмағалиев пен Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев еліміздіӊ бұқаралық ақпарат құралдары басшыларымен кездесті13.01.2018
Қоғам  21:24
Астана. 13 қаӊтар. Kazakhstan Today - Астана қаласында Премьер-министр орынбасары Асқар Жұмағалиев пен Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев еліміздіӊ бұқаралық ақпарат құралдары басшыларымен кездесті. Бейресми кездесу барысында Асқар Жұмағалиев пен Дәурен Абаев "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы туралы және Республикамызда жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтып берді.

Тілшілер сұрақтарына жауап бере отырып, Асқар Жұмағалиев мемлекеттік бағдарламаныӊ дер кезінде қабылданғаны туралы айтты және де Қазақстан Үкіметіне Цифрлық технологияларды енгізуді жүзеге асыру мәселесінде ауқымды жұмыс атқару керектігіне тоқталды.

"Елбасыныӊ тікелей тапсырмасы бойынша Үкімет тарапынан мемлекеттік бағдарлама жасалған болатын. Өз жолдауында Президент ақпарттық-технологиялық шешімдерді енгізу қажеттігін айтты. Цифрландыру - заман талабы. Қазіргі таӊда Цифрлық технологиясыз жетістікке жеткен кәсіпорынды елестету мүмкін емес, ондай өндірушілер тауарыныӊ сапасы мен бағасында үтылып, бәсекелестікке төтеп бере алмайды. Ойлап көріӊіздер өндірісте 10% адами факторға яғни адамныӊ қателіктеріне байланысты. Цифрлық технологиялар мұндай жағдайды болдырмайды". - деді премьер-министрдіӊ орынбасары.

Ақпарат және коммуникациялар министрі "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасыныӊ денсаулық сақтаудан бастап, өндіріске дейін барлық саланы қамтитындығы туралы айта келе, жобаларды комплексті түрде жүзеге асыру керектігіне баса назар аударды.

Кездесу барысында "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ Басқарма Төрағасы Руслан Енсебаев жобаны жүзеге асыру бойынша ауқымды жұмыстыӊ басталып кеткендігін және әр мемлекеттік органда Бағдарламаныӊ жүзеге асырылу барысын қадағалап отыратын цифрландыруға жауапты офис құрылғандығы туралы айтып берді.

Естеріӊізге сала кетсек, "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы 2017 жылдыӊ 12 желтоқсанында қабылданды және ақпараттық технологияларды экономиканыӊ бес бағыты бойынша енгізу көзделуде. Олар: "Экономика салаларын цифрландыру", "Цифрлық мемлекетке көшу", "Цифрлық жібек жолын іске асыру", "Адами капиталды дамыту", "Инновациялық экожүйені құру". Аталған бағыттар бойнша 2018-2022 жж. аралығында 120 іс-шара жүзеге асырылады, деп хабарлайды Ақпарат және коммуникациялар министрлігініӊ баспасөз қызметі.
Просмотров: 2190

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter