Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
21 тамыз 2018
  • 18
  • :
  • 05
17:00

Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратыныӊ жаӊа басшысы тағайындалды14.02.2018
Қоғам  12:37
Астана. 14 ақпан. Kazakhstan Today - Даниал Ахметов облыс әкімі аппаратыныӊ жаӊа басшысын таныстырды. Аймақ басшысыныӊ өкімімен бұл қызметке Ринат Мұратұлы Омаров тағайындалды.

Ринат Омаров 1973 жылы 14 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1998 жылы "Бухгалтерлік есеп және аудит" мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін тәмамдады және Д.Қонаев атындағы гуманитарлық көлік және құқық университетінде "Электрэнергетикасы" мамандығы бойынша техника ғылымдарыныӊ магистрі білігін алды. Ғылыми атағы - саясат ғылымдарыныӊ кандидаты.

2011 жылы "Ерен еӊбегі үшін" медалімен, сондай-ақ, бірқатар мерейтойлық төсбелгілерімен марапатталды.

Еӊбек жолын Алматы облысыныӊ статистика басқармасында бюджеттер статистика бөлімінде экономист болып бастады. 1999-2003 жылдар аралығында "Алматықалабезендіру" АҚ-ныӊ Атырау, кейін Астана қаласындағы филиалдарыныӊ директоры болды. 2004 жылы "Алматықалабезендіру" ЖАҚ Вице-президенті лауазымына тағайындалды. Бірнеше жыл Алматы әкімдігінде, сонымен қатар Астана әкімі аппаратында қызмет етті. "Астана - Энергия" АҚ басқарма төрағасыныӊ орынбасары, кейін Алматы қаласында "Азия энергетика компаниясы - АЭК" ЖШС дамыту жөніндегі директоры міндетін атқарды. 2016 жылдыӊ шілдесінде ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарды. 2017 жылдыӊ маусымында Шығыс Қазақстан облысы әкімініӊ орынбасары лауазымына тағайындалды.

Аппараттыӊ жаӊа жетекшісін таныстырған облыс әкімі Даниал Ахметов оныӊ кәсіби шеберлігі мен мол тәжірибесін атап өтті.

- Аппарат қызметі тікелей адами капиталмен байланысты. Қызметкерлердіӊ жауапкершілік деӊгейін көтеруді тапсырамын. Сонда ғана атқарушы билік жұмысыныӊ тиімділігі байқалатын болады, - деді Даниал Ахметов.

ШҚО әкімініӊ баспасөз қызметі
Просмотров: 2985

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter