Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
20 шілде 2018
  • 13
  • :
  • 11
17:00

ШҚО білім саласына бөлінген қаражаттыӊ жұмсалуы толық тексеріледі16.04.2018
Қоғам  13:51
Өскемен. 16 сәуір. Kazakhstan Today - ШҚО білім саласына бөлінген қаражаттыӊ жұмсалуы толық тексеріледі.

Бұл туралы Тарбағатай ауданындағы білім шаӊырақтарыныӊ жағдайын жеке өзі тексерген аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді. Оған себеп ауыл мектептеріндегі салалық пәндерге арналған сыныптардағы тозығы жеткен құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер.

Мәселен, Тұғыл ауылындағы Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектеп. Биыл үш бірдей "Алтын белгі" иегері қанат қаққалы отырған білім шаӊырағында биология сабағында 88-жылдан бері келе жатқан көрнекіліктер, ал физика пәнінен он жылдан астам уақыт бойы жаӊартылмаған зертханалық құралдар қолданылуда.

- Білім саласына биыл бюджеттен 106 миллиард теӊге бөлдік. Бірақ, көріп тұрсыздар, мына көрнекіліктерге қырық жыл. 106 миллиард теӊгеге жаӊа құрал-заттар бола ма? Болады. Бұдан бөлек, "Меніӊ мектебім" бағдарламасы негізінде осы салаға екі жарым миллиард теӊге тағы құйып отырмыз. Жаӊаруға деген ешқандай дайындық жоқ. Сонда ауданныӊ әкімі, білім басқармасы, жергілікті білім бөлімдері не істеп отыр?! Бұл үлкен мәселе. Облыс бюджетініӊ үштен бір бөлігін құрайтын сала қызметіндегі салғырттықты көріп отырмыз. Өӊірдегі бірқатар мектептерді өзім аралап, көріп жүрмін. Ақша қайда, қалай жұмсалып жатқанын "майшаммен" тексеру туралы тапсырма беремін, - деп ескертті облыс әкімі Даниал Ахметов.

Тексеру тек Тарбағатай ауданында емес, облыс көлемінде жүреді. Қағаз емес, іс жүзінде атқарылған істер тексеруден өтеді.

Десе де, аталған білім шаӊырағыныӊ ұстаздары мен оқушылары білім көрсеткіші бойынша ауданда үздік үштікте. Ағылшын тілін меӊгерген мұғалімдер ішінде "Selta" сынағында еӊ жоғары нәтиже көрсеткен де осы мектептіӊ оқу ісі жөніндегі директордыӊ орынбасары.

Айта кету керек, Тарбағатай ауданындағы Ақжар ауылында қазір 600 орындық жаӊа мектептіӊ және 300 балаға шақталған интернаттыӊ құрылысы жүріп жатыр. Биыл жаӊа оқу жылында қолданысқа берілуі тиіс шаӊыраққа Қ.Біләлов атындағы гимназия көшірілмек. Ал ескі ғимаратты өнер мектебініӊ қолданысына беру жоспарланып отыр.

ШҚО әкімініӊ баспасөз қызметі
Просмотров: 1361

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter