Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
14 қараша 2018
  • 03
  • :
  • 06
17:00

Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардыӊ құқықтарын қорғау комитетініӊ Түркістан облысы бойынша департамент басшысы болып Ерболат Мақсұтханұлы Ыбрайханов тағайындалды08.11.2018
Қоғам  18:01
Түркістан. 8 қараша. Kazakhstan Today - ҚР Ұлттық экономика министрініӊ бұйрығымен Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардыӊ құқықтарын қорғау комитетініӊ Түркістан облысы бойынша департамент басшысы болып Ерболат Мақсұтханұлы Ыбрайханов тағайындалды.

Ерболат Ыбрайханов 1981 жылы 2 қаӊтарда Қызылорда облысында туылған. М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ және "Болашақ" бағдарламасымен "University of Nottingham" жоғары оқу орындарын экономист-финансист, заӊгер, мемлекеттік саясат мамандықтары бойынша тәмәмдаған.

Ерболат Мақсұтханұлы осыған дейін Әділет министрлігінде экономист, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде басқарма басшысы, сондай-ақ аталған агенттікке қарасты өӊіраралық инспекция басшысы, Қарағанды облысы бойынша Антимонополиялық инспекциясыныӊ жетекшісі және Алматы қаласы бойынша тұрғын үйді басқару және тұрғын үй инспекциясы басшысыныӊ орынбасары қызметтерін атқарған.

Жаӊадан тағайындалған департамент басшысын облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жеке қабылдап, оныӊ жұмысына сәттілік тіледі.
Просмотров: 3015

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter