Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
17 желтоқсан 2017
  • 25
  • :
  • 39
17:00

Талдықорған қаласында "Дарабоз батыр Қабанбай" атты ғылыми-практикалық конференция өтті19.05.2017
Қоғам  15:51
Талдықорған. 19 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Қаракерей Қабанбай батырдыӊ 325 жылдығына арналған "Дарабоз батыр Қабанбай" атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған ғалымдар, тарихшылар, қоғам қайраткерлері қатысты, деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Конференцияға қатысушылар алдымен Талдықорғандағы Қабанбай батыр ескеркішіне гүл шоқтарын қойды. Мәдениет сарайыныӊ фойесінде кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Жиынды ашқан облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасыныӊ басшысы Ақан Әбдуәли Қабанбай батырдыӊ мерейтойы еліміздіӊ түкпір-түкпірінде өтіп жатқанын, бүгінгі шара соныӊ заӊды жалғасы екенін атап өтті.

Алдымен баяндама жасаған Ш.Уалиханов атындағы Тарих және этнология институтыныӊ бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарыныӊ докторы Ахмет Тоқтыбаев Моӊғол жеріне ұйымдастырылған экспедиция барысында сол жерлердегі дүрбіт, зақшын тайпасы ұрпақтарыныӊ арасында сақталған Қабанбай батыр туралы аӊыздар мен деректер жайына кеӊінен тоқталды. Жау саналған ойрат елінде, сонымен қатар дүӊген, қарақалпақ елі ішінде де Қабанбай батыр туралы зор ықыласпен айтылатын әӊгімелер сөз етілді. Яғни, Қабанбай батырдыӊ даӊқы ел аумағынан шығып, сыртқа кеӊінен таралғанын айғақтайтынын тілге тиек етті. Алдағы уақытта тарихи мақсаттағы экспедицияларды жалғастыру қажеттігін де айтты.

Сонымен қатар І. Жансүгіров атындағы ЖМУ-ныӊ гуманитарлық факультетініӊ деканы, тарих ғылымдарыныӊ кандидаты Аман Төлемісов өз баяндамасында батырдыӊ өмір деректеріне шолу жасаса, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтыныӊ бөлім меӊгерушісі, филология ғылымдарыныӊ докторы, профессор Нұрдәулет Ақыш батырдыӊ әдебиеттегі образына тоқталды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетініӊ профессоры, филология ғылымдарыныӊ докторы Кәкен Хамзин өз сөзінде Қабанбайдыӊ арнайы әскери дипломатиясын насихаттайтын музейін қалыптастыру, батыр туралы көп сериялы фильмніӊ сценарийін әзірлеу және басқа да жанды ұсыныстар айтты. "Қазақ ұлтыныӊ бренді осындай ұлы тұлғаларымыз болуы керек", - деп түйіндеді сөзін К. Хамзин.

Мұнан соӊ "Қаракерей Қабанбай батыр" қоғамдық қорыныӊ төрағасы Камал Әбдрахман сөз сөйлеп, жиынды облыс әкімініӊ орынбасары Жақсылық Омар қорытындылады.

- Ел тәуелсіздігі үшін, азаттық үшін күрескен батырлардыӊ ерлігін насихаттау - ұрпақ парызы. Бүгінгі конференцияда тарихи зерделеу, ғылыми дәлел, тереӊ ізденістерге куә болдық. Қабанбай батырдыӊ 325 жылдығына арналған бұл конференцияныӊ ғылымға қосар үлесі мол деп білемін. Сонымен қатар біз жас ұрпақты білімді, отансүйгіш рухта тәрбиелей отырып, тәуелсіздікті баянды ете аламыз. Бұл орайда бүгінгі ұйымдастырылып отырған шараныӊ тигізер ықпалы зор болады деп есептейміз, - деді Ж. Омар.
Просмотров: 3781

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter