Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
14 қараша 2018
  • 02
  • :
  • 55
17:00

Түркиядан елімізге ірі көлемдегі алтын бұйымдарын енгізбекші болған Өзбекстан азаматшасы ұсталды08.11.2018
Қоғам  17:37
Астана. 8 қараша. Kazakhstan Today - ҚР ҰҚК Шекара қызметі, "Оӊтүстік" Өӊірлік басқармасына қарасты "Шымкент авиа" тексеріп-өткізу пунктінде шекара наряды Түркиядан елімізге ірі көлемдегі алтын бұйымдарын енгізбекші болған Өзбекстан азаматшасын ұстады.

Стамбұл -Шымкент бағытындағы әуе рейсімен ұшып келген әйелдіӊ өзін-өзі ұстауы шекарашыларға күдікті болып көрінді. Азаматшаныӊ жеке заттарын тексеру барысында оныӊ қол жүгініӊ арасынан алтын бұйымдар - 17 жүзік, 24 сырға және 5 дана кулон шықты. Ұсталу себебі -алып өтуге рұқсат етілген заттар мөлшерін асыру.

Дәл осындай себеппен "Қазығұрт" тексеріп-өткізу пунктініӊ шекарашылары Өзбекстаннан біздіӊ елімізге кірмекші болған үш Шевроле автокөліктерін ұстады. Автокөліктердіӊ жүргізушілері Өзбекстан азаматтары. Үш автокөлікте де қымбат бағалы керамикалық ыдыс-аяқ тиеліпті. Жалпы саны 2480 дана. Тәркіленген заттар актіленіп кедендік орындарға тапсырылды.
Просмотров: 3055

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter