Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
17 тамыз 2018
  • 23
  • :
  • 31
17:00

Жаңалықтар мұрағаты 13.01.2014
государство  13.01.2014 20:09
Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-министр Серік Ахметовпен кездесті
2013 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсімі 6% құрады, деп хабарлайды Kazakhstan today.
государство  13.01.2014 20:08
ҚР елшісі Малайзия СІМ Бас хатшысы Датук Осман бин Хашиммен кездесті
2014 жылғы 13 қарашада Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Данияр Сарекенов Малайзия Сыртқы істер министрлігінің Бас хатшысы Датук Осман бин Хашиммен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan today ҚР СІМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
государство  13.01.2014 20:06
ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінде автоқұмарлар қоғамы құрылды
ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінде автоқұмарлар қоғамы құрылды. Бұл қоғам ҚР Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасын болдырмауға, жол қозғалысы ережесі туралы білімді жетілдіру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге арналған.
экономика  13.01.2014 20:04
Қазақстан "Ұлы Жібек жолының Экономикалық белбеуі" атты жобаға қатысу жайын қарастыруда
Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастың барлық бағыттары бойынша, сондай-ақ "Ұлы Жібек жолының Экономикалық белбеуі" жобасына бөлек тоқтала отырып жан-жақты пікір алмасты.
государство  13.01.2014 20:02
ҚР Президенті әлеуметтік қамту туралы заңға қол қойды
Бүгін, 13 қаңтарда ҚР Президенті әлеуметтік қамту туралы заңға қол қойды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
государство  13.01.2014 20:00
Мемлекет басшысы мемлекеттік органдар құзіретін нығайту мәселесі туралы заңға қол қойды
Мемлекет басшысы мемлекеттік органдар құзіретін нығайту мәселесі туралы заңға қол қойды
государство  13.01.2014 19:58
Мемлекет басшысы ҚР мен ЕҚҚДБ арасындағы қосымша келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Европалық қайта құру және даму банкі арасындағы келісімге қосымша келісімді ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының заңына қол қойды
государство  13.01.2014 19:50
Астана маңында далалық жағдайда Қорғаныс министрлігінің Орталық Азиядағы бірегей штабтық көлік кешені сыналды
Астана маңында далалық жағдайда Қорғаныс министрлігінің Орталық Азиядағы бірегей штабтық көлік кешені сыналды
экономика  13.01.2014 19:49
"Алматыметроқұрылыс" АҚ Алматы метрополитенінің екінші кезектегі өтпелі туннелін іске асырады
"Алматыметроқұрылыс" АҚ Сайран мен Мәскеу станциялары енетін 2,74 км-лік екінші кезектегі құрылысты іске асырады. Қазіргі кезде станцияаралық жолдар мен өзге де құрылыстар белсенді жүргізілуде.
экономика  13.01.2014 19:48
Еңбек мигранттарына салынатын салық 2 АЕК құрайды
"Үй шаруасымен айналысатын еңбек иммигранттары салықтық кезең ішінде жеке табыс салығы бойынша жұмыс істеген (қызмет көрсеткен) әрбір ай үшін 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (3 704 теңге) алдын ала төлем жасайды. Алдын ала төлем еңбек иммигрантының орналасқан жері бойынша көші-қон полициясы органдарының рұқсатын алғанға дейін (ұзартқанша) бюджетке төленеді", - делінген хабарламада.
экономика  13.01.2014 19:47
Астанада 2013 жылдың IV тоқсанында құрылыс пен сауда саласында жаңа кәсіпорындар саны көбейді
Астана қаласында 2013 жылдың IV тоқсанында жаңа заңды тұлғалар 3,6% артық тіркелді. Бұл туралы Астана қаласының ресми сайты хабарлады.
экономика  13.01.2014 19:46
2013 жылы Атырау қаласында бағаның тұрақталуы үшін 160-қа жуық ауыл шаруашылығының жәрмеңкесі өткізілді
Бөлшек сауда көлемі 78,4 млрд.теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,2%-ға өсті. Жыл басынан бері 143 сауда және қызмет көрсету нысандары ашылды, оның 48-і селолық округтерде.
экономика  13.01.2014 19:45
Қарағанды облысы прокуратурасы мен Кәсіпкерлер палатасы бизнесті қорғау туралы меморандумға қол қойды
Қарағанды облысының прокуроры Асқар Секішев пен Кәсіпкерлер палатасының директоры Ермек ?білдин өзара әріптестік туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды облыс прокуратурасының баспасөз қызметі.
экономика  13.01.2014 19:44
2014 жылы Атырау облысында қолданысқа 19 баспана беру жоспарлануда
"2014 жылы аумағы 59,7 мың шаршы метр болатын 900 пәтерлік, 19 тұрғын үйдің құрылысын салу жоспарда", - делінген хабарламада.
государство  13.01.2014 19:42
ҚР түзету мекемелерінде жазасын өтеушілерді камера арқылы ұстау енгізіледі - Қ.Қасымов
"Қазіргі кезде сотталушыларды камералық жүйемен ұстайтын 8 түзету мекемесі бар. Олардағы жалпы кісі саны 5,5 мың. Енді тағы осындай 25 мекеме керек, ол үшін 300 млрд теңгеге қажеттілік бар", - деді бас полицей.
экономика  13.01.2014 19:41
ҚР Үкіметінде "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасының орындалу барысы қаралады
"14 қаңтарда ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтың төрағалығымен өтетін Үкімет отырысында "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасының орындалу барысы қаралады", - дейді А.?бибуллаев.
экономика  13.01.2014 19:40
КО елдеріне шығатын қазақстандық өңделген тауарлар экспорты 2,5 есеге өсті -Т.Жақсылықов
"Кедендік одақ құрылғалы бері қазақстандық өңделген тауарлар экспорты 2,5 есеге өсіп, 4 млрд долларды құрады. Жалпы, КО елдерінің тұтынатын өңделген тауарларының 60 пайызы біздің елдің өніміне тиесілі", - деді Жақсылықов.
экономика  13.01.2014 19:38
ДСҰ-на енгеннен кейін Қазақстанда жаңа автокөліктерге салынатын баж салығы азаяды - Т. Жақсылықов
"Кедендік баж салығында бірқатар төмендеулер болады, ол кезең кезеңімен жүзеге асады. Қазіргі таңда бізде 30 пайыздық импорттық салым қызмет істейді. Ол жеңіл автокөліктерге арналған, жыл сайын төмендеп отырады. Біз төмендеуге 3 жылдан кейін көшетін боламыз, ДСҰ-ға енгеннен кейін", - деді Т. Жақсылықов.
экономика  13.01.2014 19:37
2017 жылы КО елдерінің өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы кәсіпкерлігіне бірдей жағдай жасалады - ЭБЖМ
"Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы бойынша КО елдері бойынша бірдей жағдай орнатылады. Ол тікелей өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығының субсидиясына байланысты. ?зірше көшу үрдісі аяқталған жоқ, біз 2017 жылы толық сол жүйеге көшуді жоспарлап отырмыз", - деді Т. Жақсылықов.
государство  13.01.2014 19:36
ЭКСПО -2017 дайындық аясында Астанада 2,5 мың бақылау камерасы орнатылады
Астанада ЭКСПО-2017 дайындық барысында 2,5 мың бақылау камерасы орнатылады. Бұл туралы ҚР Парламент Мәжілісінде өткен үкіметтік сағатта Қалмұханбет Қасымов хабарлады.
  Курс
USD 360.87 -0.79
EUR 410.27 0.76
RUB 5.4 -0.01
20.04.2018
Британии официально припомнили государственные преступления
В Москве 19 апреля 2018 года были официально преданы гласности преступления, совершенные Великобританией в отношении народов и стран, подвергшихся захвату и ставших ее колониями.
Просмотров: 63456