Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
19 қараша 2018
  • 15
  • :
  • 17
17:00

Жаңалықтар мұрағаты 01.08.2018
қоғам  01.08.2018 10:33
Алматы әкімі Түрксіб ауруханасыныӊ бұрынғы ғимаратын Алматыныӊ сәулет ескерткіштері тізіміне енгізуді тапсырды
Бауыржан Байбек Абай көшесіндегі 69 үйде орналасқан Түрксіб ауруханасыныӊ бұрынғы ғимаратын Алматыныӊ сәулет ескерткіштері тізіміне енгізуді тапсырды. Нысан 1950 жылдары архитектор Михаил Кудрявцевтіӊ жобасы бойынша салынған.
экономика  01.08.2018 10:30
Бақытжан Наурызбеков Алматыныӊ Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық басқармасыныӊ басшысы болып тағайындалды
Жаӊа қызметінде ол өндіріс орындарыныӊ, сауда нысандарыныӊ және қызмет көрсету салаларыныӊ өзара үндестігіне, индустриялық - инновациялық дамудыӊ мемлекеттік бағдарламаларын, бизнестіӊ жол картасы-2020 және басқаларын жүзеге асыруға жауап береді.
спорт  01.08.2018 10:26
Алматыда бастауыш кәсіподақ ұйымдары арасында шағын футболдан ішкі турнир өтті
"Серіктес" локалдық кәсіподақ ұйымыныӊ ұйымдастыруымен "Алатау жарық компаниясына" қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдары арасында шағын футболдан ішкі турнир өтті.
қоғам  01.08.2018 10:21
Алматыда кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша 2 мыӊнан астам жұмыс орны құрылады
Алматыда биылғы жылы құны 65,3 млрд. теӊге болатын 21 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Соныӊ арқасында 2 мыӊнан астам жұмыс орны құрылады. Бұл туралы кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша өткен кеӊесте айтылды.
қоғам  01.08.2018 10:03
Алматы аудандарында қарттарға құрмет көрсету бағытында көптеген әлеуметтік жобалар іске асырылуда
"Ғасыр құрдасы" атты іс-шара бойынша, 100 және одан да ұзақ ғұмыр кешуші қарттарды мерейтойларымен арнайы үйлеріне барып, құттықтау жұмыстары жүргізілді.
экономика  01.08.2018 07:46
Маӊғыстау облысында ауыл шаруашылығыныӊ дамуы жөнінде отырыс өтті
2017 жылы 1030 гектар жерге, оныӊ ішінде тамшылата әдісімен 800 гектарға көкөніс-бақша дақылдары егіліп, одан 15 800 тонна өнім алынды. Ал биылғы жылы 1100 гектар жерге егін егіліп 16 800 тонна көкөніс, бақша өнімдері алынады деп жоспарланған болатын, алайда жаӊадан қосылған жылыжайлар есебінен бұл көрсеткішті 18 000 тоннаға дейін жеткізуді мақсат етіп отыр
қоғам  01.08.2018 07:43
Ақтөбе қаласыныӊ дінбасылары қоғамды сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікке баулуда
2018 жылдыӊ 31 шілдесінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Ақтөбе облысы бойынша департаменті дін істері басқармасымен бірлесіп "Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті жалпыға ортақ қалыптастырудағы руханият пен адамгершілік" тақырыбындағы дөӊгелек үстел өткізілді.
қоғам  01.08.2018 07:39
Түркістан облысында "Жасыл ел" еӊбек жасағыныӊ қатарында 500-ден астам студент аймақтағы түрлі нысандардыӊ абаттандырылуына атсалысуда
Өткен жылы "Жасыл ел" еӊбек жасақтарына тартылған жастардыӊ арқасында 117 елді мекендегі 6 мыӊ метрге жуық шарбақ сырланып, 100 мыӊнан астам көшет отырғызылды. Сонымен бірге, былтыр 445,8 мыӊ га саябақ пен аллеялар, орталық көше бойлары абаттандырылды.
қоғам  01.08.2018 07:36
Маӊғыстау облысыныӊ Ақтау қаласында Каспий теӊізі мен шекара маӊындағы аумақтарда "Теӊіз-2018" халықаралық кешенді оқу-жаттығуы өтеді
2018 жылғы 2-3 тамызда Маӊғыстау облысыныӊ Ақтау қаласында Каспий теӊізі мен шекара маӊындағы аумақтарда "Теӊіз-2018" халықаралық кешенді оқу-жаттығуы өтеді,оған төрт елдіӊ - Әзірбайжан, Қазақстан, Ресей және Түрікменстанныӊ құтқарушылары қатысады.
қоғам  01.08.2018 07:34
Түркістан мен Ташкент облыстары ортақ туристік бағдар құрмақ
Екі көне шаһардыӊ арасында саяхатшыларды тасымалдайтын Түркістан-Ташкент, Ташкент-Түркістан туристік автобус бағыттары ашылып, екі елдіӊ туроператорлары Халықаралық көрмелерде бір стендте бірлесіп қатысатын болады.
қоғам  01.08.2018 07:32
"Алтынемел" деректі фильмі Қытайда жүлдеге ие болды
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ жарыққа шығарған "Алтынемел" деректі фильмі ҚХР-ныӊ Тайчжоу қаласында өткен Кино және туризм саласындағы азиялық өнер апталығында "Шетелдіӊ үздік деректі фильмі" жүлдесімен марапатталды.
қоғам  01.08.2018 07:28
American Space & Makerspace Almaty кеӊістігінде қыздарға арналған Girls in STEM Summer Camp атты тегін жазғы лагері өтті
STEM - Science (жаратылыстану ғылымдары), Technology (технология), Engineering (инженерия) және Maths (математика) деген ұғымдарды білдіреді.
қоғам  01.08.2018 07:26
"Астана Опера" бесінші театр маусымын тәмамдады
"Астана Опера" театрыныӊ бесінші мерейтойлық маусымыныӊ ауқымды жобалары Елорданыӊ 20 жылдығына арналған еді.
қоғам  01.08.2018 07:22
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!" атты халықаралық байқауы өткізілуде
Бұл байқау аталған тақырыптағы әлеуметтік бейнероликтер, плакаттар әзірлеу арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті, қоғамныӊ барлық деӊгейлері мен қызмет салаларындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдыӊ тетіктері мен аталған бағыттағы халықаралық ынтымақтастықтыӊ рөлі мен маӊыздылығын айқындауға бағытталған.
қоғам  01.08.2018 07:20
Алматы облысыныӊ полицейлері жоғалған баланы жарты сағатта тапты
Тәртіп сақшыларыныӊ мәліметіне сәйкес, "жедел іздестіру шаралары барысында баланы жетектеп кеткен адамныӊ түр-тұрпатына бағдар берілді. Сол бағдар бойынша 30 минут ішінде полиция қызметкерлері 56 жастағы ер адам қолға түсірді. Бала аман-есен ата-анасына тапсырылды".
қоғам  01.08.2018 07:13
Мойнақ Су электр станциясына Оразалы Қантаевтыӊ есімі берілді
СЭС-тіӊ бірінші энергоблогы 2011 жылғы желтоқсанда пайдалануға берілген болатын, өкінішке орай Оразалы Дәулетиярұлыныӊ өзі нысанныӊ іске қосылғанын көре алмады, өйткені соныӊ алдында ғана ол өндірістегі жүктеме салдарынан ауыр науқастан көз жұмған еді.
қоғам  01.08.2018 07:08
Ақмола облысыныӊ Жақсы ауданына салтанатты түрде гуманитарлық білімніӊ еӊ үздік оқулықтары табысталды
Осы орайда, №2 орта мектептіӊ "Рухани жаӊғыру" кабинетінде "100 жаӊа оқулық" жобасы аясында Жақсы ауданыныӊ әкімі Бауыржан Малғаждаровқа Ақмола облысы ішкі саясат басқармасыныӊ басшысы Гүлжанар Шүкеева алғаш қазақ тіліне аударылған 18 оқулықты салтанатты түрде табыстады.
государство  01.08.2018 07:05
Қазақстандық барлаушылар Новосибирск қаласында басталған Халықаралық армия ойындарына қатысуда
Естеріӊізге салатын болсақ, "Әскер барлауыныӊ үздіктері" конкурсы 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Новосибирск қаласыныӊ маӊында өтетін болады. Ауыспалы кубок үшін, Қазақстан, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Судан, Армения және Зимбабве мемлекеттерініӊ барлаушылары арасында өтеді. Сонымен қоса, жарыс нәтижесі бойынша, еӊ мықты, қайсарлы және жігерлі жауынгерге "Үздік барлаушы" белгісі беріледі.
қоғам  01.08.2018 07:03
Ақмола облысында бала асырап алушы отбасыларға арналған семинар-тренинг өтті
Ақмола облысы Біржан сал ауданы Степняк қаласындағы №1 орта мектепте жетім балалар мен ата-анасыныӊ қамқорлығынсыз қалған балалардыӊ отбасылық құрылымын жақсарту үшін семинар-тренинг өткізілді
қоғам  01.08.2018 06:59
ДСДРО 2017 жылдыӊ қорытындысы бойынша медициналық ұйымдардыӊ рейтингін жариялады
Рейтингті есептеу үшін индикаторлар ретінде көрсетілетін медициналық қызметтердіӊ сапасы саласындағы 50 жуық еӊ маӊызды көрсеткіштер іріктеліп алынды.
  Курс
USD 367.06 -1.95
EUR 416.17 -0.22
RUB 5.56 0.03
22.10.2018
Чжан Вэй: Долгосрочная безопасность и стабильность - коренные интересы народа
Народ занимает центральное место" - это концепция правления правительства Китая, которая воплощает в себе основную идею КПК беззаветной службы народу.
Просмотров: 14754