12.03.2015, 10:46 3934

13 мыӊнан астам отбасы 1,3 млрд. теӊге соманыӊ жәрдемақысын алды

2014 жылы табысы кедейлік шегі мөлшерінен аспайтын 13 186 отбасы (56,1 мыӊ адам) 1,3 млрд. теӊге сомаға жәрдемақы алды

Астана. 12 наурыз. Kazakhstan Today - 2014 жылы табысы кедейлік шегі мөлшерінен аспайтын 13 186 отбасы (56,1 мыӊ адам) 1,3 млрд. теӊге сомаға жәрдемақы алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі хабарлағандай, "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" ҚР Заӊына сәйкес жәрдемақыны қосқандағы жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегі мөлшерінен (күнкөріс деӊгейі мөлшерініӊ 40%) аспайтын отбасыларға табысы есепке алына отырып, отбасыныӊ әрбір мүшесіне атаулы әлеуметтік көмек беріледі, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

2015 жылғы 1 қаӊтардағы жағдай бойынша жәрдемақыныӊ орташа мөлшері айына 1970,7 теӊгені құрады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны