12.02.2018, 20:44 5591

2001 - 2017 жылдары Павлодар облысы АӨК дамуына 34,1 млрд.теӊге инвестицияланды

Бүгінгі күні Павлодар облысында 68 300 тонна сыйымдылығы бар 8 көкөніс сақтау қоймалары қызмет етуде. Сонымен қатар Ұлттық Холдингтіӊ қолдауымен аймақта 5 сүт-тауар фермалары, 6 бордақылау алаӊдары мен репродукторлар іске қосылды.

Астана. 12 ақпан. Kazakhstan Today - 2001 - 2017 жылдары "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ еншілес компаниясы - "ҚазАгроҚаржы" АҚ арқылы Павлодар облысы АӨК дамуына 34,1 млрд.теӊге инвестицияланды. Филиалдыӊ қызмет ету уақытында 22,5 млрд.теӊге сомасына 2 334 бірлік техника сатып алу, сонымен қатар 13,9 млрд. теӊге сомасына 43 инвестициялық жоба қаржыландырылды.

"ҚазАгро" ҰБХ" АҚ еншілес компаниясыныӊ қолдауымен аймақта еліміздіӊ АӨК дамуына бағытталған кәсіпорындар құрылды. Бүгінгі күні Павлодар облысында 68 300 тонна сыйымдылығы бар 8 көкөніс сақтау қоймалары қызмет етуде. Сонымен қатар Ұлттық Холдингтіӊ қолдауымен аймақта 5 сүт-тауар фермалары, 6 бордақылау алаӊдары мен репродукторлар іске қосылды.

2017 жылы "ҚазАгро" Холдингініӊ еншілес компаниясы "ҚазАгроҚаржы" АҚ қолдауымен Павлодар облысында 130-дан астам шаруашылықтар қаржыландырылды. Сондай шаруашылықтардыӊ бірі "Пахарь" КШ ЖШС болып табылады, аталған кәсіпорын Қазақстандағы 4 бағытта жұмыс істейтін ірі инвестициялық жоба: суару жүйесін қолданумен ашық топырақта өсірілген көкөніс өндіру, 12 000 тоннаға арналған көкөніс сақтау қоймасыныӊ құрылуы, ангус асыл тұқымды 1200 ІҚМ бастарына репродуктор құру және жемшөп өндіруге бағытталған. Аталаған бағыттардан басқа қазіргі уақытта 1200 ІҚМ бастарына арналған сүт-тауар фермасы іске қосылды. Соӊғы жоба бойынша ҚАҚ арқылы технологиялық жабдықтарды, асыл тұқымды ІҚМ, сонымен қатар ауыл шаруашылық техникасын сатып алу қаржыландарылғанын атап өткен жөн. Сонымен қатар аталған жоба шеӊберінде 60-тан астам жұмыс орындары құрылды, Холдингтіӊ еншілес компаниясы арқылы инвестициялық жобаларды қаржыландыру арқылы аймақта 1370 жұмыс орындары құрылды.

"ҚазАгро" Холдингі" АҚ компаниялар тобымен 2017 жылы Павлодар облысыныӊ АӨК қолдауына 10,1 млрд.теӊге бағытталды. Жалпы республика бойынша 2017 жылы Холдинг агросаланы қаржыландырыруға 226 млрд.теӊге сома бағыттады.

2017 жылы Холдингтіӊ несиелік ресурстары облыста 3 мыӊнан астам адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді /барлығы республика бойынша - 62,8 мыӊ адам/.

Павлодар облысы бойынша Холдингтіӊ инвестициялық портфелінде 22,7 млрд.теӊге сомасына 46 жоба бар. Іске қосылу мерзіміне 1619 жұмыс орындары құрылды. Бүгінгі уақытта 18,3 млрд.теӊге сомасына 42 жоба іске қосылды, 1539 жұмыс орындары құрылды.

2017 жылы 2,4 млрд.теӊге сомасына 12 несие серіктестері қаржыландырылды, 3 млрд.теӊге сомасына 163 бірлік ауыл шаруашылық және арнайы техникасын сатып алуға шарттар жасалды, 2,1 млрд.теӊге сомасына 480 микронесие берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны