03.03.2015, 10:55 4085

2015 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,4% құрады

Баға ақылы қызметтерге өткен айда 1,3%, азық-түлік тауарларына - 0,2%-ға өсті, азық-түлік емес тауарларына 0,5%-ға төмендеді

Астана. 3 наурыз. Kazakhstan Today - Баға ақылы қызметтерге өткен айда 1,3%, азық-түлік тауарларына - 0,2%-ға өсті, азық-түлік емес тауарларына 0,5%-ға төмендеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Өткен айда баға өсімі жаӊа жиналған көкөністерге 3%, пастерленген сүтке - 1,4%, жаӊа жиналған жемістерге - 1,1%, шошқа етіне - 0,9%-ға, макарон өнімдеріне, шайға, алкогольді ішімдіктерге - 0,8%-дан, қышқыл сүт өнімдеріне - 0,7%, жеӊсік емес тағам балық консервілеріне -0,6%, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдеріне - 0,5%, сүзбеге - 0,4%, кондитер өнімдеріне - 0,3%-ға өсуі белгіленді. Бағаныӊ төмендеуі қантқа 4%, құс етіне - 1,9%, жұмыртқаға - 1,8%, картопқа - 1%, ұнтақ жармаға - 0,5%-ға, бірінші сортты бидай ұнына, сұлы жармаға, қой етіне, күнбағыс майына - 0,4%, күрішке, сиыр етіне - 0,3%-дан тіркелді.

Баға өсімі фармацевтикалық өнімдерге 2,3%, жеке пайдалануға арналған тауарларға - 0,5%, киім және аяқкиімге - 0,4%, жуғыш және тазалағыш құралдарға - 0,3%-ды құрады. Баға бензинге 8,2%, дизель отынына - 6,9%-ға төмендеді.

Баға деӊгейі денсаулық сақтау қызметтеріне 1,3%, мектепке дейінгі білім беруге - 0,9%, қонақ үйге - 0,4%-ға өсті. Баға кабельдік телевизия қызметтеріне 47,5%-ға жоғары болды. Алыс қашықтыққа қатынайтын жолаушылардыӊ темір жол көлігіне жол жүру ақысы 5,6%-ға қымбаттады, әуе көлігі - 1,8%-ға арзандады.

Тұрғын үй-коммуналды қызметтер саласында тарифтер электр энергияға 6,3%, кәрізге - 1,1%, суық суға - 1%, ыстық суға, тұрғын үйді күтіп ұстауға - 0,6%-дан өсті.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігініӊ Статистика комитеті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны