24.10.2016, 17:22 4906

2016 жылы Шымкент қаласында 60 нысан пайдалануға беріледі

Биыл Шымкент қаласында бюджет қаржысы есебінен 38,5 млрд.теӊгеге 125 нысанныӊ құрылысы жүргізілуде. Оныӊ ішінде 60 нысанныӊ құрылысын биыл тапсыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шымкент. 24 қазан. Kazakhstan Today -Биыл Шымкент қаласында бюджет қаржысы есебінен 38,5 млрд.теӊгеге 125 нысанныӊ құрылысы жүргізілуде. Оныӊ ішінде 60 нысанныӊ құрылысын биыл тапсыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

2016 жылы бюджет қаржысы есебінен 38,5 млрд.теӊгеге 125 нысанныӊ құрылысы жүргізілуде. Оныӊ ішінде 60 нысанныӊ құрылысын биыл тапсыру жоспарланып, қалған 65-і 2017 жылға өтпелі. Сонымен қатар, ағымдағы бюджет есебінен бірқатар маӊызды жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, 8 мектеп, 3 балабақшаны күрделі жөндеу, транспорт саласында 59 көшені күрделі жөндеу, 98 көшені орташа жөндеу, 47 көше бойына тротуар салу, 20 бағдаршам орнату, 82 көпқабатты тұрғын үйдіӊ ауласын абаттандыру, 686 көпқабатты тұрғын үйдіӊ ауласын жарықтандыру, су алу қаупі бар көшелерде 11,5 шақырым ирригация жүйелерін қалпына келтіру жұмыстарына қаржы қаралған.

Бұдан бөлек, қаланыӊ дамуына және тұрғындардыӊ тұрмыс тіршілігіне бірінші кезекте қажетті 108 инвестициялық жобаныӊ жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Оныӊ ішінде 78 жобалық-сметалық құжаттамалары биыл дайын болады, қалған 30-ныӊ дайын болу мерзімі келесі жылға өтпелі. Бүгінгі таӊда құны 23,2 млрд.теӊгені құрайтын 28 ЖСҚ дайын. Бұл жобалар 2017 жылғы республикалық және облыстық бюджеттерге ұсынылған.

Шымкент қаласыныӊ бюджеті 2016 жылдыӊ жоспары бойынша108,3 млрд.теӊгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24,9 млрд.теӊгеге ұлғайған. Оныӊ ішінде республикалық бюджеттіӊ трансферттері 29,9 млрд.теӊге, облыстық бюджеттіӊ трансферттері мен кредиттері 26,4 млрд.теӊге, өзіндік кірістер 52,0 млрд.теӊгені құрап отыр.

2016 жылдыӊ 1 қазанына қарағанда бюджетті игеру жоспары 75,1 млрд. теӊгені құрап, 99,5 пайызға орындалды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны