15.01.2018, 15:05 7012

2017 жылғы қаӊтар-желтоқсандағы қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 105,2%-ды құрды

Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ӊ 60%-н аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерініӊ өзгеруіне негізделеді.

Астана. 15 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2017 жылғы қаӊтар-желтоқсандағы қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 105,2%-ды құрды.

Экономикалық сектор

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2017 жылғы қаӊтар-желтоқсанда 2016 жылғы қаӊтар-желтоқсанға қарағанда 105,2% құрды. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ӊ 60%-н аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерініӊ өзгеруіне негізделеді.

2017 жылғы қаӊтар-желтоқсанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 8749,3 млрд. теӊгені құрды, бұл 2016 жылғы қаӊтар-желтоқсанға қарағанда 5,5% артық.

2017 жылғы қаӊтар-желтоқсанда өнеркәсіп өндірісініӊ көлемі қолданыстағы бағаларда 22659 млрд. теӊгені құрды, бұл 2016 жылғы қаӊтар-желтоқсанға қарағанда 7,1% өсті. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 9,3%, өӊдеу өнеркәсібінде - 5,1%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда - 4,9% артты. Сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда өндіріс көлемі 0,2% төмендеді.

2017 жылғы қаӊтар-желтоқсанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімініӊ (қызметі) көлемі 4097,5 млрд. теӊгені құрап, 2016 жылғы қаӊтар-желтоқсанға қарағанда 2,9% артты.

2017 жылғы қаӊтар-желтоқсандағы "Көлік" саласы бойынша нақты көлем индексі 104,8%-ды құрды.

2017 жылғы қаӊтар-желтоқсанда жүк айналымыныӊ көлемі 555,4 млрд. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердіӊ жүк айналымы көлемініӊ бағалауы есебімен) құрап, 2016 жылғы қаӊтар-желтоқсанмен салыстырғанда 7,9% артты. Жолаушылар айналымыныӊ көлемі 272,8 млрд. жкм құрап, 3,3% артты.

2017 жылғы қаӊтар-желтоқсандағы "Байланыс" саласы бойынша нақты көлем индексі 103,3%-ды құрды.

2017 жылғы қаӊтар-желтоқсандағы "Сауда" саласы бойынша нақты көлем индексі 103,2%-ды құрды.

2017 жылғы қаӊтар-желтоқсанда бөлшек сауда көлемі 8847,1 млрд. теӊгені немесе 2016 жылғы тиісті кезеӊ деӊгейімен салыстырғанда 106,3% құрады (салыстырмалы бағада).

2017 жылғы қаӊтар-желтоқсанда көтерме сауда көлемі 19911,5 млрд. теӊгені немесе 2016 жылғы тиісті кезеӊ деӊгейімен салыстырғанда 101,5% құрады (салыстырмалы бағада).

2017 жылғы қаӊтар-қарашада сыртқы сауда айналымы 69450,1 млн. АҚШ долларын құрап, 2016 жылғы қаӊтар-қарашамен салыстырғанда 25,1% артты, оныӊ ішінде экспорт - 43065,2 млн. АҚШ долларын (31,6% көп), импорт - 26384,9 млн. АҚШ долларын құрады (15,8% көп).

2018 жылғы 1 қаӊтардағы жағдай бойынша тіркелген заӊды тұлғалардыӊ саны 412677 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеӊмен салыстырғанда 7,5% артты, оныӊ ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар - 403862 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заӊды тұлғалардыӊ саны 256122 құрады, оныӊ ішінде 247770 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан кем).

Тұтыну бағасыныӊ индексі 2017 жылғы желтоқсанда 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 107,1% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар - 6,5%, азық-түлік емес тауарларға - 8,9%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге - 5,9% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2017 жылғы желтоқсанда 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда - 17,6% жоғарылады.

Илеуметтік сектор

2017 жылғы қарашада халықтыӊ орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 81039 теӊгені құрады, бұл 2016 жылғы қарашаға қарағанда 1,5% төмен, ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеӊде 8,2% төмендеді.

2017 жылғы желтоқсанда бір қызметкердіӊ орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 168220 теӊгені құрады.

2017 жылғы желтоқсанда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 441,8 мыӊ адамды құрады. Жұмыссыздық деӊгейі жұмыс күші санына 5% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2017 жылғы желтоқсанныӊ соӊына 70,3 мыӊ адамды құрады немесе жұмыс күшіне 0,8%.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны