31.01.2018, 18:00 9042

2017 жылы БЖЗҚ салымшылары мен алушыларыныӊ жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 550,6 млрд теӊге болды

2017 жылдыӊ қаӊтар - желтоқсан айлары аралығында БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдерініӊ сомасы 211,12 млрд теӊге, оныӊ ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 26,06 млрд теӊге болды

Алматы. 31 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 1 қаӊтардағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарыныӊ жалпы сомасы 7,78 трлн теӊгені құрады. Сөйтіп 2017 жылдыӊ басынан бері 1,1 трлн теӊгеге артты. Яғни, бір жыл ішіндегі өсім 16,4 пайызды құрады.

2018 жылдыӊ 1 қаӊтарына қарай шарттардыӊ барлық түрлері бойынша салымшылардыӊ (алушылардыӊ) жеке зейнетақы шоттарыныӊ (ЖЗШ) саны 10,12 млн бірлік, оныӊ ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 9,64 млн бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есепке алу бойынша салымшылардыӊ (алушылардыӊ) ЖЗШ саны 443 мыӊ бірлікті, ал ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу (ЕЗЖ) бойынша - 39 мыӊ бірлікті құрады.

2017 жылы зейнетақы жарналары бойынша түсімдердіӊ жалпы сомасы 756,5 млрд теӊге болды. Зейнетақы жарналарыныӊ жалпы түсімі бір жыл ішінде 8,3 пайызға өсті. 2016 жылдыӊ қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 698,42 млрд теӊгені құраған болатын. Міндетті зейнетақы жарналары бойынша жарналардыӊ орташа мөлшері 15 078 теӊгені құрады.

2017 жылы БЖЗҚ салымшылары мен алушыларыныӊ жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 550,6 млрд теӊге болды.Қордыӊ зейнетақы активтерініӊ табыстылығы 7,92 пайызды құрады. Бұл кезеӊде инфляция деӊгейі 7,1 пайыз болғанын еске саламыз.

2017 жылдыӊ қаӊтар - желтоқсан айлары аралығында БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдерініӊ сомасы 211,12 млрд теӊге, оныӊ ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 26,06 млрд теӊге болды. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдыӊ сәйкес кезеӊінде Қордан 169,69 млрд теӊге төленсе, оныӊ ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 22,69 млрд теӊгені құраған. 2017 жылы орта есеппен 1 адамға берілген зейнетақы төлемдерініӊ сомасы шамамен 576,5 мыӊ теӊгеге жетті.

Бүгінде салымшы (алушы) жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарыныӊ жай-күйі туралы ақпаратты (оныӊ ішінде есептелген инвестициялық табысты) Қор кеӊсесінде, сондай-ақ дәстүрлі пошта байланысы, электрондық пошта, Қор сайты немесе ұялы қосымша арқылы алуға болады.

Сонымен қатар 2017 жылы интернет байланысы тәсілін таӊдағандар саны 2016 жылмен салыстырғанда 33 пайызға артып, 2018 жылдыӊ 1 қаӊтарына қарай 3,9 млн адамды құрады. Ал үзінді-көшірмені электрондық пошта арқылы алуды таӊдағандар саны 2018 жылдыӊ 1 қаӊтарына қарай 0,8 млн адамға жетті. Бұл өткен жылдыӊ сәйкес кезеӊімен салыстырғанда 75 пайызға жоғары.

Ағымдағы жылдыӊ басына қарай шамамен 4,7 млн адам зейнетақы шотыныӊ жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілі ретінде хабарлаудыӊ электрондық тәсілін таӊдаған.Нақты айтар болсақ, шамамен 0,8 млн адам үзінді-көшірмені электрондық мекенжайға алатын болса, 3,9 млн адам ақпаратты Қор сайты немесе әр түрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған "ENPF" ұялы қосымшасы арқылы алу мүмкіндігіне ие. 2017 жылы олардыӊ қатарына хабарлау тәсілін өзгерту туралы қосымша келісім жасау арқылы 1,3 млн салымшы (алушы) келіп қосылды.

Бір жыл ішінде ұялы қосымшаны жүктеп алу саны 2,4 есеге артып, 1,2 млн бірлікті құрады. Еске сала кетелік, 2017 жылдыӊ 1 қаӊтарына қарай бұл көрсеткіш 509,7 мыӊ жүктеп алуды құраған болатын.

БЖЗҚ әрбір салымшыныӊ қамын ойлай отырып, зейнетақы қызметтерін қашықтықтан көрсету және ақыл-кеӊес беру арналарын тұрақты дамытуға күш салады. Еске сала кетелік, Қор 2017 жылы салымшылар мен алушыларға Қор кеӊселеріне келмей-ақ негізгі қызметтерді пайдалануға мүмкіндік беретін электрондық сервистерді енгізді.

Содан бері 2018 жылдыӊ 1 қаӊтарына қарай салымшылар мен алушылар Қор сайтындағыбарлық электрондық сервистерді пайдаланған.

Нақты айтар болсақ, 250 салымшы онлайн тәртібінде жеке зейнетақы шотын ашса, шамамен 50 алушы зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтініш берген. Сондай-ақ шамамен 1,2 мыӊ адам жеке деректемелеріне өзгерістер енгізсе, шамамен 500 салымшы зейнетақы шоты бойынша ақпарат алу тәсілін интернет байланысы арқылы алуға ауыстырған.

БЖЗҚ филиалдық желісініӊ қызметкерлері 2017 жылы кәсіпорындар мен ұйымдарда 18 мыӊнан астам көшпелі таныстырылымдық шаралар өткізді. Оларға 556 мыӊнан астам адам қатысты. Салымшылар мен алушыларға қызмет көрсету бойынша 6,3 миллионға жуық операция жүзеге асырылған.

Сондай-ақ 2017 жылы қашықтықтан байланыс жасау арналары - байланыс орталығы, Қор сайтындағы "Кері байланыс" және "Онлайн чат" нысаны арқылы, қағаз жүзінде, "Пікірлер мен ұсыныстар кітабы" және әлеуметтік желілер арқылы азаматтардан Қорға 405 мыӊнан астам өтініш келіп түскен. Оларға 1-3 күн ішінде жауаптар қайтарылды. Салыстырып қарайтын болсақ, 2016 жылы шамамен 169 мыӊ өтініш келіп түскен болатын. 2017 жылдыӊ наурыз айынан бастап Қордыӊ сайтында "Басқарма Төрайымыныӊ блогы" жұмыс істей бастады. Содан бері 2018 жылдыӊ 1 қаӊтарына қарай "Басқарма Төрайымыныӊ блогына" 393 өтініш келіп түсті. Оларға дер кезінде жауап қайтарылды.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда "ГНПФ" ЖЗҚ" АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігініӊ "Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті" ММ арқылы Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаӊтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасыныӊ Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеӊесіне берілді. Зейнетақы заӊнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарыныӊ жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

"БЖЗҚ" АҚ баспасөз орталығы

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны