17.04.2018, 19:39 4155

2017 жылы мақтааралдық шаруалар мемлекет тарапынан 2 млрд 459 млн теӊге субсидия алған

Айта кетейік, 2017 жылы мақтааралдық шаруалар мемлекет тарапынан 2 млрд 459 млн теӊге субсидия алған. Оныӊ 37 млн теӊгесі жылыжайға, 94 млн теӊгесі мал шаруашылығын асылдандыруға, 150 млн теӊгесі мақта зиянкестеріне қарсы өӊдеуге арналған биоагенттердіӊ құнын арзандатуға бөлінген. Субсидияныӊ еӊ көлемдісін тек таратып беруші мекемелер алып отыр.

Шымкент. 17 сәуір. Kazakhstan Today - Биыл Мақтаарал ауданында 95 мыӊ гектарға жуық жерге ақ алтын дәні себіледі. Ол үшін ауданда 3 мыӊ тонна тұқымдық шит дайындалып, техникалар сақадай сай тұр.

Ендігі мақсат - көктемніӊ әрбір сәтті күнін тиімді пайдаланып, мамырға дейін шаруалар мақта шитін толық егіп бітуі тиіс. Осы мақсатта Қазыбек би ауылдық округінде көтемгі егіс науқанына дайындықты пысықтау мақсатында семинар-кеӊес жиыны өтті.

Аудан әкімі Жамантай Бейсенбаевтыӊ бастамасымен өткен шараға 400-ге жуық шаруа қожалықтардыӊ, мақта қабылдау зауыттарыныӊ, несиелік ұйымдардыӊ, ғылыми-зерттеу институттарыныӊ басшылары қатысып, өзара тәжірибе алмасты.

Жиынды жүргізіп отырған аудан басшысы биылғы жылы агроөнеркәсіп кешенін дамытудыӊ негізгі 5 бағытын айқындап берді,-деп жазады Мақтаарал ауданы әкімініӊ баспасөз қызметі.

"Бірінші, ауданымыздағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қол жетімді несие қаржылармен қамтамамсыз ету. Екінші, ауыл шаруашылығы кооперативтері мен машина-тракторлық станциялар жүйесін жетілдіру, ауданымызда өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ экспорттық әлеуетін арттыру. Үшінші, ауданымыздағы суармалы жерлердіӊ көлемін ұлғайту, су жүйелерініӊ су өткізгіштік қабілетін жақсарту іс-шараларын атқару. Оныӊ ішінде даму банктерініӊ қаржылары мен жеке инвесторларды пайдаланып, ирригациялық жүйелерді қайта құра отырып, суармалы алқаптарды ағын сумен қамтамасыз ету көзделуде. Төртінші, ауданымызда ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрып, модульді сүт қабылдау бекеттерін, мал бордақылау алаӊдарын ашу жоспарланып отыр. Бесінші, алдағы жылдары ауданымыздан ауыл шаруашылығы тауарларын шаруалардан арзан бағада сатып алып, сақтау үшін қойма салу әрі ауыл шаруашылығы өнімдерін өзге аудандар мен облыстарға тасымалдау арқылы саудалау көзделуде. Міне, осы негізгі 5 бағытта жұмыс атқаратын боламыз!",-деді Жамантай Қанайұлы.

Ол үшін ауданда ирригациялық жүйелерді қайта құра отырып, суармалы алқаптарды ағын сумен қамтамасыз ету, суармалы жерлердіӊ мелиоративтік жағдайын жақсарту үшін коллектор-дренаж жүйелерін жөндеу және тік дренажды ұӊғымаларды қалпына келтіру, сонымен қатар жаӊа жер игеру жұмыстары жүргізу көзделуде.

Қазіргі таӊда аудандағы тік дренаждардыӊ жалпы саны 731 болса, соныӊ 60-сы жекеменшікте. 1310 каналдыӊ 133 данасы жекеніӊ қолында. Сондықтан, алдағы уақытта осы су жүйелерініӊ бәрін мемлекет меншігіне өткізу жұмыстары атқарылады.

Бұдан бөлек, семинарда жылыжай, қарқынды бау, жеміс-жидек және жүзім дақылдарын егу жұмыстары жайы сөз болды. Жалпы ауданда тамшылатып суару әдісі кеӊінен қолданылып, өнеркәсіптік жылыжайлар көлемін ұлғайту, жылыжай кластерін әрі қарай дамыту көзделіп отыр.

Айта кетейік, 2017 жылы мақтааралдық шаруалар мемлекет тарапынан 2 млрд 459 млн теӊге субсидия алған. Оныӊ 37 млн теӊгесі жылыжайға, 94 млн теӊгесі мал шаруашылығын асылдандыруға, 150 млн теӊгесі мақта зиянкестеріне қарсы өӊдеуге арналған биоагенттердіӊ құнын арзандатуға бөлінген. Субсидияныӊ еӊ көлемдісін тек таратып беруші мекемелер алып отыр. Сондықтан, алдағы уақытта ауданда ауыл шаруашылығы кооперативтерініӊ санын арттыруға негізгі басымдық берілетін болады.

Бүгінде ауданда 107 кооператив бар. Оныӊ ішінде 52 кооператив ағын су жеткізіп берумен айналысса, 45-і минералды тыӊайтқыштар таратумен шектеледі. Осы түйткілдерді тілге тиек еткен аудан басшысы Ж.Бейсенбаев алдағы бір жылда өӊірден ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі күшке айналатын кооперативтердіӊ қатары артатынын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны