02.02.2018, 14:19 8502

2018 жылдыӊ алғашқы айында Илеуметтік медициналық сақтандыру қорына 6 млрд теӊгеге жуық түсті

2018 жылдыӊ қаӊтар айында Медициналық сақтандыру қорыныӊ Ұлттық банктегі шотына 6 млрд теӊгеге жуық жарна аударылды.

Астана. 2 ақпан. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ қаӊтар айында Медициналық сақтандыру қорыныӊ Ұлттық банктегі шотына 6 млрд теӊгеге жуық жарна аударылды.

Жалпы, жаӊа жүйе іске қосылған 2017 жылдыӊ шілдесінен қаӊтар айыныӊ соӊына дейін түскен түсімдердіӊ жалпы көлемі 38 млрд теӊгені құрады.

Оныӊ ішінде, 31,3 млрд теӊге (82,4%) жұмыс берушілердіӊ аударымдары болса, қалған 6,7 млрд теӊгеге жуық қаржы (шамамен 17,6%) жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еӊбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Аумақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан Алматы мен Астана қалалары, сондай-ақ, Қарағанды облысы көш бастап келеді.

"Илеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Жұртшылықпен байланыс департаменті

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны