31.01.2018, 17:22 9030

2018 жылы "Нұрлы жер" бағдарламасыныӊ аясында жеӊілдетілген несие беру үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 24 млрд теӊге бөлінеді

2017 жылдыӊ қорытындысы бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мемлекет бөлген 30 млрд теӊгені игергенін еске сала кетейік. Бұл қаржыға 3 488 қазақстандық отбасы "Нұрлы жер" аясында төмен бағамен үй сатып алды.

Астана. 31 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2018 жылы "Нұрлы жер" бағдарламасыныӊ аясында жеӊілдетілген несие беру үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 24 млрд теӊге бөлінеді.

Аталған қаражат басым бағытты республикалық инвестициялар тізіміне енді және осы жылғы бюджет аясында қарастырылып отыр. Бұл туралы "Қазақстанныӊ Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ ("Бәйтерек" Холдингініӊ еншілес ұйымы) Директорлар кеӊесініӊ отырысы барысында айтылды. Жиналыс Астанада "Бәйтерек" холдингініӊ басшысы Айдар Иріпхановтыӊ төрағалық етуімен өтті.

"Нұрлы жер" бағдарламасы бюджеттік несие түрінде жыл сайын банкке 24 млрд теӊге көлеміндегі қаржы бөлуді қарастырады. Бұл ақшаға банк салымшылары 5% көлеміндегі жеӊілдетілген мөлшерлемемен алдын-ала және аралық займдар ала алады. Ол үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі шотында 30% көлемінде еӊ төменгі алғашқы жарна жинау қажет.

2017 жылдыӊ қорытындысы бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мемлекет бөлген 30 млрд теӊгені игергенін еске сала кетейік. Бұл қаржыға 3 488 қазақстандық отбасы "Нұрлы жер" аясында төмен бағамен үй сатып алды.

Жиналыс барысында банк 2017 жылдыӊ төртінші тоқсаныныӊ нәтижесі бойынша Ішкі аудит департаментініӊ қызметі туралы есеп беріп, Директорлар кеӊесіне ұсынылатын есептілік тізімін бекітті.

Сондай-ақ 2017 жылдыӊ төртінші тоқсаны бойынша Директорлар кеӊесініӊ, Директорлар кеӊесі Комитеттерініӊ жұмысы туралы есеп қарастырылып, бекітілді. Мәліметтерге сәйкес, Директорлар кеӊесі төртінші тоқсанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қызметіне қатысты 80 мәселені қарастырған.

***

"Қазақстанныӊ тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ - еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ жалғыз акционері - "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны