11.03.2015, 22:20 4098

7 наурыздан бастап Астанада газбен қамту қызметтерініӊ бағасы төмендеді

ҚР Энергетика министрініӊ 2015 жылғы 27 ақпандағы №156 бұйрығымен ішкі нарықтағы мұнай газыныӊ көтерме сатылымыныӊ шекті бағасы төмендеді

Астана. 11 наурыз. Kazakhstan Today - ҚР Энергетика министрініӊ 2015 жылғы 27 ақпандағы №156 бұйрығымен ішкі нарықтағы мұнай газыныӊ көтерме сатылымыныӊ шекті бағасы төмендеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Осы орайда ҚР Ұлттық экономика министрлігініӊ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетініӊ Астана қаласы бойынша департаменті газбен қамту мекемелерінде бағалардыӊ төмендеуін қадағалау шараларын өткізді, деп хабарлайды khabar.kz тілшісі.

Осы шаралар нәтижесінде "АстанаГазСервис" АҚ топтық резервуарлық құрылғымен "Теӊізшевройл" ЖШС арқылы тасымалданатын мұнай газыныӊ бағасы 1 тоннасына, ҚҚС қоса алғанда 110 736,32 теӊгеден 88 334,36 теӊгеге дейін немесе 20,23% төмендеді.

Осылайша Астана қаласыныӊ тұрғындары 7 наурыздан бастап "Астана қаласы бойынша орталықтандырылған газбен қамту" ЖШС қызметі үшін ҚҚС қоса алғанда келесідей төлемдерді жүргізеді:

- Есептегіш құрал болған жағдайда - 1м3 үшін 314,25 теӊге, бұл осыған дейінгі бағадан 63,86 теӊгеге немесе 16,89% арзан;

- Есептегіш құрал болмаған жағдайда - бір адамға айына 672,61 теӊге, бұл бұған дейінгі бағадан 136,68 теӊгеге немесе 16,89% арзан.

Сонымен қатар "АстанаГазСервис" АҚ "СНПС-Ақтөбмұнайгаз" АҚ арқылы мұнай газын көтерме сатудыӊ бағасы ҚҚС қоса алғанда тоннасына 70 412,16 теӊгеден 41 662,96 теӊгеге немесе 40,83% арзандады.

"Бейбарыс Газ" ЖШС үшін автокөліктерге қолданылатын газ бағасы литріне 53,98 теӊгені құрады. Бұдан өзге "LPG Дистрибьюшн" ЖШС баллондағы газ бағасы 1 кг үшін 120,5 теӊгеден ҚҚС қоса алғанда 100 теӊгеге төмендеді.

Автокөліктерге арналған газдыӊ көтерме сату бағасы литріне 53,13 теӊгеден 43,19 теӊгеге төмендеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны