06.12.2022, 11:26 16011
Қазақстанда қолдан өсірілген және ауланған балық өндірісі жыл басынан бері 12%-ға өсті
Достарға айту
Қазақстан әлі де балық нарығын отандық өніммен толық қамтамасыз ете алмайды
Астана. 6 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда соңғы 3 жылда балықты қолдан өсіру көлемі екі есе көбейді, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов сейсенбіде өткен Үкімет отырысында.
Жалпы, қолдан өсірілген және ауланған балық өндірісі биыл 10 айда шамамен 57 мың тонна болды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 12%-ға жоғары. Қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы 2 жылда балық өсіретін шаруашылықтардың саны 2 есе өсті", - деді Әлихан Смайылов.
Ол сондай-ақ балық экспорты 13%-ға ұлғайғанын атап өтті, оның ішінде Еуропа елдері де бар.
Оның айтуынша, бұған өткен жылы қабылданған Балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы айтарлықтай серпін берді.
Саланы мемлекеттік қолдау шаралары күшейтіліп, балық өсіруге арналған тоғандарды жобалау рәсімдері жеңілдетілді.
Сонымен қатар, министрлер кабинетінің басшысы Салық кодексі аясында балық кәсіпшілігіне қосылған құн салығын 70%-ға төмендету көзделгенін еске салды.
Сонымен қатар, біз әлі де болса нарықты отандық өніммен толық қамтамасыз ете алмай келеміз. Импорттың үлесі жоғары болып қалуда. Кейбір өңірлер қазірдің өзінде бағдарлама жоспарларына қол жеткізе алмай отыр. Қарағанды, Алматы және Павлодар облыстарында да балық өндірісі төмен. Аталған өңір әкімдіктері жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмысты күшейтіп, бизнестің бастамаларына қолдау көрсетуі қажет", - деді Үкімет басшысы.
Сондай-ақ кәсіпкерлерді балық өнімдерін терең өңдеуге ынталандыру керек.
Табиғи су қоймаларындағы балық қорының көбеюіне де назар аудару қажет", - деді Әлихан Смайылов.
Қорытындылай келе, Премьер-Министр балық шаруашылығы саласына инвестициялар тарту жұмысын күшейту қажет екенін атап өтті. Оның ішінде, балық өсіретін шаруашылықтарды ұйымдастыру үшін учаскелерді беру рәсімін жеңілдету, отандық балық өнімдерін сататын арнаулы объектілер құру және Атырау облысындағы бекіре зауыттарын реконструкциялауды бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесіне енгізу мәселесін пысықтау қажет.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
13.06.2024, 12:13 3006
Қостанайда қуаттылығы жылына 70 мың автомобиль шығаратын зауыт салынуда
Достарға айту
Роман Скляр Hyundai Motor Group вице-президентімен автоөнеркәсіптегі локализацияны тереңдету мәселесін талқылады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Компания Қостанайда қуаттылығы жылына 70 мың автомобиль шығаратын зауыт салып жатыр.
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың Hyundai Motor Group компаниясының атқарушы вице-президенті Ким Донг Вукпен кездесуі өтті, оның аясында Қазақстанда автомобиль өнеркәсібін дамытудың негізгі мәселелері қаралды.
Кездесу барысында тараптар шетелдік инвестордың Қазақстан Үкіметі жүргізіп отырған локализация саясатына белсенді қатысуын талқылады.
Өткен жылдың соңында компания Қостанайда автомобиль шығаратын зауыт құрылысын бастады, оған $200 млн инвестиция тартылады. Жылына 70 мың автомобиль шығаратын зауыт Оңтүстік Кореядан тысқары елдегі алғашқы ірі өндіріс орны болмақ. Зауыт 1,5 мың адамды, ал бір-бірімен байланысты салаларды есепке алғанда 2 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етеді деп болжанып отыр.
Қорытындылай келе, қос тарап жобаны табысты іске асыруға және өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға сенім білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.06.2024, 20:33 5016
Қазақстан-Корея бизнес-форумының қорытындысы бойынша $430 млн асатын 23 құжатқа қол қойылды
Достарға айту
Астанада Қазақстан мен Корея басшыларының қатысуымен Қазақстан-Корея Іскерлік кеңесінің 13-ші отырысы өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы шақыруымен 11-13 маусым аралығына Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды Самұрық-Қазынаның баспасөз қызметінен.
Отырыс бизнес-форум форматында өтті. Жиынға 500-ден астам қатысушы, соның ішінде 50 ірі кореялық компаниялар қатысты. Жалпы құны $430 млн асатын 23 екіжақты құжатқа қол қойылды.
Корея көшбасшысының сапары аясында "Самұрық-Қазына" тобы барлығы 5 құжатқа қол қойды:
- Қазақстанда аралас циклді газ турбиналық қондырғылары, жылу мен электр энергиясын аралас өндіру жобалары саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы келісім ("Самұрық-Қазына" АҚ - Doosan Enterbility);
- Мұнай-газ және мұнай-химия саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерттеу туралы құжат ("ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ - Hyundai Engineering);
- Түтін газдарын тазалау саласындағы инвестициялық жобалар бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы меморандум ("Самрук-Энерго" АҚ - Doosan Enerbility - KEPCO Plant Service and Engineering);
- Маңызды пайдалы қазбаларды жеткізу тізбегін дамыту және қауіпсіздігі бойынша ынтымақтастық туралы меморандум (ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігі - "Тау-Кен Самұрық" ҰТК" АҚ - KIGAM - SK Ecoplant);
- Қазақстан-Корея Іскерлік кеңесі шеңберінде Кореяның халықаралық сауда қауымдастығымен (KITA) ынтымақтастық туралы келісім.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.06.2024, 13:45 6101
Жетісу облысында қант қызылшасы алқабын үш есе ұлғайту жоспарлануда
Достарға айту
Жетісу облысында қант қызылшасы алқабын үш есе ұлғайту жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
Бүгінде қызылша ең жоғары маржиналды дақылдардың біріне айналды
Биылдың өзінде облыста 12,6 мың га жерге қант қызылшасы егілді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 2,6 мың гектарға артық. 2026 жылға қарай егістік алқаптарын 15 мың га дейін жеткізу жоспарланған, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 3,6 есе артық.
11 маусымда вице-премьер Серік Жұманғарин Жетісу облысына жұмыс сапары аясында егіс науқанының қорытындыларымен және шегірткеге қарсы күрес барысымен танысты.
Бүгінгі таңда құнарлы жерлерімен танымал аймақ егіс алқаптарын белсенді түрде кеңейтуде. Мұнда көктемгі егіс жұмыстары толық аяқталды: 432,5 мың га жаздық дақылдар, 309,3 мың га дәнді дақылдар, 90,4 мың га майлы дақылдар, 12,6 мың га қант қызылшасы және басқа да дақылдар егілді.
Жалпы биыл облыста 2 млн тонна өнім жинау жоспарлануда. Оның ішінде тек қант қызылшасы - 550 мың тонна (2023 жылы - 370 мың тонна).
Шегіртке тектес зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу 109 мың га алаңда жоспарланған. Италиялық прусқа қарсы 21,6 мың га өңделді. Өідеу жұмысына 17 бірлік жерүсті техникасы және ауыл шаруашылығы авиациясының 4 ұшағы тартылған. Аумақты зерттеумен 136 ерікті және 76 маман айналысып жатыр.
Серік Жұманғарин қант қызылшасы себілген "Хильниченко және К" коммандиттік серіктестігінің (КС) егіс алқабын тексерді. Кәсіпорын дәнді және бұршақты дақылдарды өсіруге маманданған, мал шаруашылығымен айналысады. Өңделетін жердің жалпы ауданы - 11 000 гектар, оның 264 гектары - суармалы учаскелер. Негізгі дақылдар: қант қызылшасы, соя, дәнді және жемшөп дақылдары. КС Басқарма төрағасының орынбасары Александр Хильниченконың айтуынша, мемлекет қолдауының арқасында олар қызылша саласын іс жүзінде қайта дамытуға қол жеткізе алды.
"Былтыр облыс бойынша орташа өнім гектарына 450 центнер қант қызылшасы болса, біздің шаруашылықта өнімділік гектарына 700 центнерді құрады. Биыл біздің шаруашылық қант қызылшасының егіс алқабын тағы 100 гектарға ұлғайтты. Біз өткен жылдан кем емес өнім аламыз деп күтіп отырмыз", - дейді фермер.
Серік Жұманғарин егістік басында өңірдің аграршыларымен кездесіп, оларға ауыл шаруашылығындағы мемлекетті қолдау шаралары туралы баяндады. Атап айтқанда, қант қызылшасын өндіруді қолдау жөнінде тоқталды.
"Бүгінде қызылша өсіру өте тиімді. Өткен жылы біз қант қызылшасы тұқымын субсидиялау нормативтерін және өңдеуге тапсырылған қызылша көлемі үшін килограмына 15 теңгеден 25 теңгеге дейін арттырдық. Зауыттар сатып алу бағасын 15 теңгеге дейін көтерді. Осылайша, бір тонна қант қызылшасының жалпы құны 40 мың теңгені құрады. Гектарына 500 центнер өнімділікпен фермердің табысы шамамен 2 млн теңгені құрайды. Бүгінде қызылша - ең жоғары маржиналды дақыл", - деп атап өтті вице-премьер.
Кездесу барысында фермерлердің бірі соя дақылын сатып алу құны төмен екенін жеткізді.
"Биыл ауыспалы егісте сояның көлемі үлкен. 10 жыл бұрын бізде сояны килограмына 180 теңгеден қабылдайтын, бірақ сол кезде трактордың құны 4 миллион теңге болатын. Қазір сатып алу бағасы өзгерген жоқ, ал тракторлардың құны бірнеше есе қымбат. Сояны шетелге қалай жібереміз?", - деп сұрады ол.
Серік Жұманғарин Сауда және интеграция министрлігіне Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп Қытайға соя экспортының мүмкіндіктерін пысықтауды тапсырды.
Сондай-ақ Жетісуға жұмыс сапарының бірінші күні вице-премьер салынып жатқан көкөніс қоймасына және Ірі жоба бойынша жеңілдетілген несиенің арқасында өндіріс көлемін арттыратын, роботтандырылған сауу жүйесін енгізетін тауарлы-сүт фермасына барды.
Серік Жұманғарин сондай-ақ "Ауыл аманаты" бағдарламасы бойынша бизнесті бастаған шағын кәсіпкерлердің және отандық биологиялық таза тыңайтқыштар өндірушілердің өнімдерімен танысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.06.2024, 18:18 13896
Қазақстанда сұйытылған газ бағасын осы отынды өндірудің рентабельсіздігіне байланысты қайта қарау жоспарлануда
Бұйрық жобасы қоғамдық талқылау сатысында
Достарға айту
ҚР Энергетика министрлігі "Ашық НҚА" порталында Энергетика министрі бұйрығының жобасы жарияланғаны туралы хабарлайды, оған сәйкес 1 шілдеден бастап Қазақстанда сұйытылған мұнай газының бағасын біршама түзету жоспарлануда, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Бұл шараны қабылдау қажеттілігі бірқатар себептерге байланысты.
Біріншіден. Бүгінгі таңда сұйытылған мұнай газының бағасы оны өндірудің өзіндік құнынан әлдеқайда төмен. Осылайша СМГ өндірісінің өзіндік құны тоннасына 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін өзгереді. Ал өңдеуші зауыттар үшін қолданыстағы шекті көтерме баға тоннасына 40 320 теңгені құрайды. Осылайша өндірілген әрбір тонна газдан зауыттар 20-30 мың теңге көлемінде шығынға ұшырайды.
Екіншіден. Жылдан жылға СМГ тұтынудың күрт өсуі байқалады. Өткен жылдың өзінде Қазақстанда тұтыну 2022 жылмен салыстырғанда 400 мың тоннаға немесе 28%-ға өсті. Мәселен, 2023 жылы СМГ тұтыну көлемі 2,2 млн тоннаны құрады (2022 жылы 1,8 млн тонна).
Төмен бағаларға байланысты СМГ өндірісінің тұтынуы мен рентабельділігінің артуы отынның осы түрін өндірудің төмендеуіне және өңірлерде белгілі бір тапшылыққа әкелді. Қазіргі таңда тапшылық деңгейі шамамен 20-25 %-ға жетеді.
Үшіншіден. СМГ бағаны одан әрі тежеген жағдайда қазақстандық өндіруші зауыттарда ішкі нарықтағы сұранысты қанағаттандыру үшін өндіріс көлемін ұлғайту мүмкіндігі болмайды. Залалдылықтың салдарынан зауыттар тиімдірек өнімге ауыса отырып, СМГ өндірісіне қызығушылығын жоғалтуда. Осындай себептерге байланысты инвесторлар да салаға инвестиция салғысы келмейді.
Төртіншіден. Қазақстандағы СМГ ең төмен бағалардың бірі-аймаққа байланысты - 54-тен 86 теңгеге дейін. Салыстыру үшін Ресейде бір литр газдың бағасы 132 теңге, Әзірбайжанда - 171 теңге, Тәжікстанда - 273 теңге.
Сарапшылардың болжамынша, 2024 жылы ішкі нарықта тұтыну көлемі тағы 200 мың тоннаға артып, 2,4 млн тоннаны құрайды. Бұл жағдайда газ тапшылығы 30-40%-ды құрауы мүмкін.
Сонымен қатар өндіруші зауыттар сұйытылған газ өндірісінің деңгейін ұстап тұру мақсатында бағаны түзету туралы мәселелер мен өтініштерді бірнеше рет көтерді.
Осылайша, аталған тәуекелдерді болдырмау мақсатында ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап сұйытылған мұнай газының бағасын түзету жоспарлануда. Мәселен, сұйытылған мұнай газының бір тоннасы үшін шекті көтерме баға 45 158 теңгені құрайды (бұрын - 40 320 теңге). Бұл ретте шекті бөлшек сауда бағасы өңірге байланысты литріне 5-тен 8 теңгеге дейін аздап өседі.
Бұйрық жобасы қоғамдық талқылау сатысында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.06.2024, 18:10 14131
Алматыда халықаралық "New Vision: Бизнес күші" форумы өтеді
Достарға айту
Алматыда халықаралық "New Vision: Бизнес күші" форумы өтеді, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
27-29 маусымда Алматы қаласында алғаш рет "New Vision: Бизнес күші" жаһандық бизнес-форумы өтеді, ол Қазақстандағы жылдың ең жарқын, әрі маңызды бизнес-оқиғасы болмақ.
Үш күн бойы оңтүстік астана қазақстандық ғана емес, сонымен қатар шетелдік бизнес-көшбасшылардың, көрнекті саяси қайраткерлердің жиын ортасына айналады.
Форумның негізгі тақырыптары AI дәуіріндегі жаһандық мегатрендтерге, бизнес пен нарықтарға және өзгерістер дәуіріндегі көшбасшылыққа арналады.
Осындай ауқымды іс-шараны өткізіп, диалог алаңын құруға себеп - аймақтың дамуы, халықаралық бизнес қызығушылығының артуы және жергілікті стартаптардың айтарлықтай өсуі.
Іс-шараға түрлі салалар өкілдері: бизнесмендер, инвесторлар, технологиялық көшбасшылар, коучтер мен өнер қайраткерлері, олардың ішінде интернет новаторы - Джефф Хоффман, Virgin Group негізін қалаушы - Ричард Брэнсон, жетістік психологиясы саласындағы әлемдік сарапшы - Брайан Трейси, Astana Group иесі, меценат - Нұрлан Смағұлов, Kusto Group негізін қалаушы-серіктесі, YPO Kazakhstan төрағасы - Қанат Көпбаев, Freedom Holding иесі -Тимур Турлов, "Mr Body Language", 15 бестселлер авторы - Аллан Пиз, BI Group акционері, филантроп - Айдын Рахимбаев, Прасанна Санкар - құны 11,5 миллиард долларға бағаланған Rippling қызметкерлерді басқару стартапының негізін қалаушы және басқа да көрнекті кәсіпкерлер мен өз саласында үздік қайраткерлер қатысады.
New Vision аясында түрлі форматтар қарастырылған: панельдік сессиялар, воркшоптар, көрме, тәлімгерлік аймағы, ашық пікірталастар.
Биыл форумға Димаш Құдайберген қатыспақ.
Әлемге әйгілі әнші өзінің ең танымал хиттері мен жаңа әндерін орындап, арнайы бағдарлама ұсынады.
Ұйымдастырушылар Қазақстандағы су тасқынына байланысты іс-шарадан түскен табыстың 50%-ын зардап шеккен өңірлерге аудару туралы шешім қабылдады.
Іс-шараны Nobel Fest әлемдік ғылыми фестивалі Young Presidents Organization Kazakhstan (YPO)-мен бірлесіп ұйымдастырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.06.2024, 17:53 34986
Энергетика министрлігі құны 17 трлн теңге болатын инвестжобалар пулын жасақтады
Достарға айту
ҚР Энергетика министрлігі Жалпыұлттық инвестициялық жобалар пулына сәйкес, 17 трлн теңге сомасына 60 жоба әзірледі, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Инвестициялық жобалардың негізгі бағыттары жаңа энергоқуаттарды енгізу, газ өңдеу зауыттарын салу, отандық мұнай өңдеу зауыттарын кеңейту, жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобалар, мұнай-газ химиясын дамыту және т.б. болып табылады.
Жаңа энергоқуаттарды енгізу:
- Жоспарға сәйкес, оңтүстік өңірлерде орнатылған қуаты шамамен 2,3 ГВт газ генерациялау жобалары іске асырылуда;
- 2024 жылы қуаты 500 МВт болатын Екібастұз ГРЭС-1-дегі бірінші энергия блокты қалпына келтіру бойынша ірі жобаның аяқталуы жоспарлануда;
- Батыс Қазақстанның электр желілерін Біртұтас электр энергетикалық жүйесіне қосу жобасы бойынша жұмыстар жалғасады;
- 2035 жылға дейінгі қабылданған елдің Энергетикалық балансына сәйкес, жалпы қуаты шамамен 26 ГВт болатын жаңа қуаттарды іске қосу және қолданыстағы қуаттарды жаңғырту жобалары іске асырылады.
Газ өңдеу зауыттарын салу:
- 2028 жылы пайдалануға берілетін Қарашығанақ кен орнында жылына 4 млрд м³ газ өңдеу зауыты;
- 2030 жылға қарай қуаты 2,5 млрд м³ болатын Қашаған кен орнында жаңа газ өңдеу зауыты;
- Қашаған кен орнында қуаты 1 млрд м³ болатын газ өңдеу зауыты салынуда, 2026 жылдың II тоқсанында пайдалануға беру жоспарланған.
Отандық мұнай өңдеу зауыттарын кеңейту:
- Мұнай өңдеу қуаттылығын 18 млн тоннадан 27 млн тоннаға дейін ұлғайту жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Шымкент МӨЗ - 6 млн тоннадан 12 млн тоннаға дейін, Павлодар НХЗ - 5,5 млн тоннадан 8 млн тоннаға дейін, CaspiBitum - 1 млн тоннадан 1,5 млн тоннаға дейін.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.06.2024, 17:43 35221
Жыл басынан бері Алматының жергілікті бюджетіндегі кірістер 30% - ға өсті
Достарға айту
Алматыда жергілікті бюджет кірістері бойынша тұрақты өсім байқалады, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Жергілікті бюджетке 33,5% өсіммен 719,7 млрд теңге кіріс түсті. Бұл ШОБ өсімі есебінен корпоративтік салықтың 49,4% - ға ұлғаюына байланысты. Сондай-ақ, әлеуметтік салық бойынша түсімдердің 52% - ға өсуі қамтамасыз етілді.
Қаржы басқармасы атап өткендей, Алматының мемлекеттік бюджетке қосқан үлесі 28,6% -ды құрады. 2024 жылғы наурызда қала бюджеті 103,6 млрд теңгеге 1 726,2 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.06.2024, 21:38 39746
Алматыда орташа айлық жалақы 16,4 % - ке өсті
Достарға айту
Қала экономикасы басқармасында алматылықтардың әл-ауқатын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Ағымдағы жылдың сәуір айында жылдық инфляция наурыз айында 9,7% - дан 9,1% - ға дейін баяулады. 2024 жылы жылдық инфляция одан әрі 7-8% - ға дейін баяулайды деп болжануда.
Қалада тұрақты жұмыс орындарына баса назар аудара отырып, жаңа жұмыс орындары құрылуда. Жыл басынан бері 19,5 мың жұмыс орны құрылды (биылғы жоспар - 87 мың), оның 61% - ы тұрақты. Бұл ретте, қабылданып жатқан шаралардың арқасында жұмыссыздық деңгейі - биылғы жылдың бірінші тоқсанында 4,7% - ға дейін төмендейді.
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Алматыда орташа айлық жалақы 454 мың теңгені құрады (республика бойынша - 382 мың теңге). Номиналды мәнде жалақы 16,4% - ға, нақты мәнде 6% - ға өсті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
13.06.2024, 11:38Биыл ҰҚК ағымдағы жылдың басынан бастап Қазақстанда 1 террорлық шабуылдың алдын алды 13.06.2024, 11:46 18261Қазақстанда шегіртке зиянкестеріне қарсы өңдеу жоспарланған аумақ - 2,5 млн га құрайды13.06.2024, 12:03 17986Әскери прокурорлар құны 6 млрд теңгеден астатын мүлікті мемлекет меншігіне қайтарды13.06.2024, 12:40 17581Үкімет қол жеткізілген Қазақстан-Корея келісімдерін іс жүзінде жүзеге асыруға дайын13.06.2024, 12:44 17381Астана автобустарында орнатылан жаңа камералар билетсіз жолаушыларды анықтайды
07.06.2024, 12:43 118111Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді07.06.2024, 12:50 118021100-ге жуық құрылыс нысанын бұзуға қатысты талап арызды алматылық сот қарайды07.06.2024, 12:36 105636Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі 0,8% төмендеді07.06.2024, 12:28 98901БҚО-да пайдаланбаған жер мемлекетке қайтарылды07.06.2024, 12:33 98821Алматы әкімдігі тау бөктеріндегі "Орловские банидің" құрылысы туралы ақпаратты жоққа шығарды
07.06.2024, 12:43 118111Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді07.06.2024, 12:50 118021100-ге жуық құрылыс нысанын бұзуға қатысты талап арызды алматылық сот қарайды23.05.2024, 12:53 118016Елімізде адам папилломасы вирусына қарсы вакцина сатып алуға 9,7 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді23.05.2024, 12:26 113866АШМ 2,5 млн га алқапта табын шегіртке зиянкестері таралады деп болжап отыр23.05.2024, 16:48 112761Білім беру мекемелеріндегі бейнебақылау камералары, дабыл батырмалары мен турникеттер орнату жөніндегі жұмыстардың орындалуы үкіметтің назарында