Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
19 тамыз 2017
  • 24
  • :
  • 39
17:00

Ақмола облысы Ерейментау ауданында мал шаруашылығына 241 миллион теӊге инвестиция тартылды10.08.2017
Экономика  19:24
Көкшетау. 10 тамыз. Kazakhstan Today -Ақмола облысы Ерейментау ауданында мал шаруашылығы көрсеткіштерініӊ өсімі белсенді инвестиция тарту жұмысыныӊ есебінен қамтамасыз етілді. 241 миллион теӊге инвестиция тартылды. Бұл көрсеткіш өткен жылдыӊ сәйкес мерзімі деӊгейінен 2,2 есе көп,- дейді Ақмола облысы Ерейментау аудандық ауыл шаруашылығы бөлімініӊ басшысы Абылай Иманжүсіпов.

Оныӊ айтуынша, соӊғы уақытта ауданда төрт түліктіӊ басы көбейіп келеді. Малсақ қауым мал өнімдерін молайту үшін асыл тұқымды мал басын көбірек бағуға құлшыныс танытуда.

Мал шаруашылығыныӊ жұмысы мен мал азығы дақылдарын егу үшін әртүрлі тракторлар мен егіс кешені сатып алынды. Барлық мал түрініӊ көбеюіне байланысты ауданныӊ егіс алқаптары құрылымында арпа мен сұлы дақылдары, біржылдық және көпжылдық шөп егілген алқаптар көбейді. Сондай-ақ, соӊғы жылдары көптеген ауыл шаруашылығы құрылымдары мен шаруа қожалықтары аралас астық дақылдарын себе бастады. Мұндай алқаптар биылғы жылы 3 мыӊ гектарға жеткізілді.

Биылғы жылдыӊ бес айындағы мал шаруашылығы саласыныӊ негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жақсара түсуде. Мал шаруашылығы өнімініӊ жалпы көлемі 4,3 миллиард теӊгені құрады. Бұл өткен жылғы сәйкес мерзім деӊгейінен 16 пайыз жоғары. Төрт түлік мал басыныӊ көбейгені байқалады. Бүгінгі таӊда ірі қара 46,5 мыӊды, жылқы 27,3 мыӊды, қой мен ешкі 107,8 мыӊды құрап отыр. Осы есепті кезеӊде 3995,4 тонна ет, 13702 тонна сүт, 2035 мыӊ дана жұмыртқа өндірілді. Ауданда бес инвестициялық жобаны жүзеге асыру жұмысы жалғасуда.

Етті мал шаруашылығы бағытында жүзден астам шаруа қожалығы мен үш серіктестік жұмыс істейді. Мәселен, "Торғай" мен "Кеӊөткел" серіктестіктерініӊ әрқайсысы бес жүзден астам, "Ақжол" шаруа қожалығында 247 бас ет бағытындағы асыл тұқымды ірі қара мал бағады. Шаруа қожалықтарыныӊ "Сыбаға" бағдарламасына қатысуыныӊ арқасында 4 мыӊ бас ірі қара сатып алынды. Ауданда етті мал шаруашылығын дамытумен айналысатын шаруашылықтар саны өсе түсті. Малды асылдандыру бағытында қазақтыӊ ақбас ірі қарасын көбейтуге көп көӊіл бөлінеді. Қазір бұл асыл тұқымды мал көптеген шаруа қожалықтары табыныныӊ 70-80 пайызын құрайды. Сүтті мал шаруашылығын дамыту үшін Ақсуат селолық округінде орналасқан "Үміт-Н" шаруа қожалығыныӊ базасында тауарлы сүт фермасы құрылды.

"Ырыс" бағдарламасы бойынша 115 бас асыл тұқымды қашар сатып алынды. Биылғы жылы "Хамза" шаруа қожалығы 400 бас сиырға арналған тауарлы сүт фермасын құруды қолға алды. Германиядан 132 бас асыл тұқымды қашар сатып алынды. Қазір германиялық фирма мал азығы зауытын орнатуда. Сондай-ақ, "Geia" фирмасымен сиыр сауатын қондырғыларды орнату үшін келісім жасалды. Бұл жоба биылғы жылдыӊ үшінші тоқсанында іске қосылып, он жаӊа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Новомарковский селолық округінде орналасқан "Жаӊа береке" шаруа қожалығы 3 мыӊ бас ірі қараға арналған мал бордақылау алаӊын іске қосты. Ет өнімін өӊдейтін кешен салынды. Қазір мұнда 2628 бас ірі қара бағылады. Елу жаӊа жұмыс орны ашылды. Биыл "Ерейментау Құлан" серіктестігініӊ 3 мыӊ бас ірі қараға арналған екінші мал бордақылау алаӊы салынуда.

Жоба биылғы жылы іске қосылады. Жемшөп қоймасы мен ірі қараға арналған он ангар салынды. Ветеринарлық орынға, автокөлік таразысына және өзге қоймаларға су құбыры тартылды. Үстіміздегі жылы "Абердин -ангус" тұқымдас мал сатып алына бастады. Жыл басынан бері аудан бойынша 166 асыл тұқымды бұқа мен 95 асыл тұқымды қашар сатып алынды. Өӊірде 115 шаруа қожалығы қой шаруашылығымен айналысып, бұл саланы дамытуда. "Алтын асық" бағдарламасы бойынша 1689 қой сатып алынды.

Ауданда жылқы шаруашылығы қарқынды дамуда. Жылқыныӊ тұқымын жақсарту үшін Көшім және Жабы тұқымдас айғырлар және "Құлан" бағдарламасы бойынша 237 жылқы сатып алынды. "KazHorse Mugalzhar" серіктестігі Мұғалжар тұқымдас асыл тұқымды жылқыны бағу жобасын жүзеге асыруда. Бүгінгі таӊда шаруашылықтағы жылқыныӊ саны 1100-ді құрайды. Биыл 14 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Кооперативтерде 1823 сауынды сиыр мен 552 қой бағылады. Мал басын асылдандыру мақсатында өз қаржысы есебінен 51 асыл тұқымды бұқа сатып алынды.

Алдағы жылдары жеке кәсіпкер Пауль Кироль инвестициялық жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Қазір ол Ерейментау қаласындағы ет комбинатыныӊ құрылысын жүргізуде. "Хамза" шаруа қожалығындағы тауарлы сүт фермасыныӊ базасында сүт өнімдерін өӊдейтін шағын зауыт ашылды. Сондай-ақ, жоғары сапалы мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді көбейтуге бағытталған жобаларды жүзеге асыру жөніндегі мәселелер назардан тыс қалмайды. "Нұр Агро компаниясы" серіктестігі егіншілік пен мал шаруашылығы өнімдерін өндіретін жобаны қолға алып, үш тауарлы сүт фермасы мен малшылар үйініӊ құрылысын аяқтады.

Биылғы жылы Романов тұқымдас 500 қой сатып алуды жоспарлап отыр. "Қоржынкөл" серіктестігі мал шаруашылығын дамыту және туристік демалыс базасын салу жобасы бойынша жұмыс істеуде. Өткен жылы серіктестік өз қаржысы есебінен 49 бас ірі қара, 42 жылқы, 58 қой сатып алды. Алдағы жылдары ірі қара басын 150 басқа дейін, жылқыны 150-ге дейін, қой санын 400-ге дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Аудандағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердіӊ әлеуеті зор екенін атап өткен жөн. Келешекте мал шаруашылығы саласыныӊ өсу қарқынын тұрақты қамтамасыз етуге резерв жеткілікті, дейді бөлім басшысы.
Просмотров: 1375

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter