12.02.2018, 20:42 5640

Ақмола облысы Жарқайыӊ ауданы 417 мыӊ тонна астық экспорттаған

Бұл жайында Жарқайыӊ ауданыныӊ әкімі Мұрат Балпан халыққа есеп беру кездесуін атап өтті. Жыл нәтижесі сарапталған қорытынды жиынға Ақмола облысы әкімініӊ орынбасары, ауданныӊ құрметті азаматы Асқарбек Үйсімбаев қатысты, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі.

Көкшетау. 12 ақпан. Kazakhstan Today - Жарқайыӊ ауданы 417 мыӊ тонна астық экспорттаған.

Бұл жайында Жарқайыӊ ауданыныӊ әкімі Мұрат Балпан халыққа есеп беру кездесуін атап өтті. Жыл нәтижесі сарапталған қорытынды жиынға Ақмола облысы әкімініӊ орынбасары, ауданныӊ құрметті азаматы Асқарбек Үйсімбаев қатысты, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі.

Кездесу барысында аудан басшысы биылғы жыл Елбасыныӊ "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудыӊ жаӊа мүмкіндіктері" Жолдауымен басталғанын, халықтыӊ болашаққа деген сенімі нығайғанын тілге тиек етті.

М.Балпан өз баяндамасында өӊір дамуыныӊ басым бағыттарына кеӊірек тоқталып, 2017 жыл аудан үшін нәтижелі жетістіктерге, маӊызды оқиғаларға толы жыл болғандығын атады. Сондай-ақ, жұмыссыздық деӊгейі төмендеп, әлеуметтік нысандар бой көтерген.

Өткен жылы ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ жалпы өнімі 26,9 миллиард теӊгені құрап, 584 мыӊ тонна астық жиналған. Соӊғы бес жылда ауданныӊ егістік алқаптарыныӊ көлемі - 94 мыӊ гектарға ұлғайып, 622,5 мыӊ гектарға жеткен. Астық халықаралық сұранысқа ие. Атап айтқанда, соӊғы үш жылда 417 мыӊ тонна астық экспортталған.

Егін шаруашылығында алға басу байқалғанымен, мал шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін қайта өӊдеу саласында ілгерілеушілік байқалмайды. Ірі қара саны есептік жылда 1,4 пайызға азайып, 12,2 мыӊ басты құрады. Сол себепті сүт-тауарлары фермасы, сүт өӊдеу цехы, ет комбинаты, мал бордақылау алаӊдары мен мал сою пункттерін ашу жоспарға енгізілген.

Коммуналдық салада биылғы жылы Державин қаласында жылыту қазандығы салынбақ, осы істіӊ нәтижесінде 7 көп қабатты үй, әлеуметтік нысандар, 5 сауда үйі орталықтандырылған жылу беру жүйесімен қамтылады.

Тұрғындар тарапынан қойылған жылу жүйесіне қосылу, қоғамдық көлік маршруты, жол құрылысы сапасын қадағалау бойынша қоғамдық комиссия құру, "Масалы ТКБК" ашылуы бойынша сұрақтарға аудан басшысы нақты жауаптар берді.

Жарыссөзге ауданныӊ құрметті азаматы Борис Швачкин, "Костычев" ЖШС директоры Балғабай Қабжанов, жас ұстаз Зинат Мықтыбекова, жеке кәсіпкер Сергей Филлипук қатысты.

Кездесу соӊында "Державинская Агропромтехника" ЖШС директоры Валентин Сидоров "Ерен еӊбегі үшін" медалімен, "СХП Отрадный" ЖШС директоры Қасым Қожабеков Ақмола облысы әкімініӊ құрмет грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар, ауданныӊ әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан жерлестеріне әкім алғыс хаттарын табыстады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны