15.11.2017, 19:49 4375

Ақмола облысында 63 млрд. теӊге инвестицияға цемент зауыты iске қосылды

Биылғы жылдыӊ соӊына дейiн өӊiрде 95 млрд теӊгенiӊ 7 жобасы жүзеге асырылып, 1 мыӊнан астам жаӊа жұмыс орны ашылады. Жақын арада жылына 2 млн. тонна өнiм шығаратын цемент зауыты iске қосылып, жобаға 63 млрд. теӊге инвестиция салынды. Жылдық қуаты 80 мыӊ тонналық каолин тау -кен байыту комбинатыныӊ құрылысы басталды.

Көкшетау. 15 қараша. Kazakhstan Today - Индустрияландыру бағдарламасыныӊ аясында Ақмола облысында алтын өндiру 4 есеге ұлғайып, республикалық көрсеткiштiӊ 34 пайызын құрап отыр. Бұл туралы Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлiк Мырзалин Елбасыныӊ "Қазақстанныӊ үшiншi жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк" жолдауы орындау барысы мен өӊiрдiӊ әлеуметтiк-экномикалық даму көрсеткiшiнiӊ 9 айдағы нәтижесi туралы брифингте мәлім етті.

Аймақта жүк автомобильдерiн өндiрудiӊ елiмiз бойынша облыстағы көрсеткiшi 55 пайыз, кiрпiш - 30%, ұн - 10% құрайды. Облыста Қазақстандық уран кенi қорыныӊ 10 пайызы бар.

Облыс аумағында ТМД елдер iшiндегi жалғыз темiр жол подшипнигiн шығаратын өндiрiс орны жұмыс iстейдi. Мұнда iшкi нарықтан бөлек, өнiмдердiӊ 80 пайызы яғни басым бөлiгi Ресейге экспортталады. Лифт және экскалаторлар шығаратын жергiлiктi зауыт "ЭКСПО-2017" нысандарын 77 жоғары жылдамдықпен жүретiн лифт пен 8 эскалатормен жабдықтады.

Биылғы жылдыӊ соӊына дейiн өӊiрде 95 млрд теӊгенiӊ 7 жобасы жүзеге асырылып, 1 мыӊнан астам жаӊа жұмыс орны ашылады. Жақын арада жылына 2 млн. тонна өнiм шығаратын цемент зауыты iске қосылып, жобаға 63 млрд. теӊге инвестиция салынды. Жылдық қуаты 80 мыӊ тонналық каолин тау -кен байыту комбинатыныӊ құрылысы басталды.

Шағын және орта бизнестiӊ саны облыста 7 пайызға артып, шығарылатын өнiм 20 пайызға, бюджетке түсетiн салық көлемi 22 пайызға артты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны