15.11.2017, 19:39 4121

Ақмола облысында биылғы жылы дихандар 5,1 млн тонна астық жинады

Мал шаруашылығын дамытуда да өӊiрде жақсы көрсеткiштерге қол жеткiзiлдi. Биыл обыста 3300 мал басына арналған 155 отбасылық мал бордақылау алаӊы ашылды. 11 сүт тауарлы фермасы құрылып, 600 бас сүт бағытындағы iрi қара сатып алынды. Сондай-ақ, Астана iргесiнде 5 мыӊ басқа арналған ешкi фермасы мен тереӊ өӊдеуге бағытталған сүт фабрикасы iске қосылды.

Көкшетау. 15 қараша. Kazakhstan Today - Елбасыныӊ Ақмола облысыныӊ алдына қойған ауылшаруашылығы өндiрiсiне ғылымды пайдалану арқылы дамыту, сондай-ақ ауылшаруашылығы копперативтерiн жандандырып, елдiмекендердi өркендету тапсырмасы бүгiнгi күнi облыста белсендi жүзеге асырылуда. Бұл туралы Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлiк Мырзалин Елбасыныӊ "Қазақстанныӊ үшiншi жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк" жолдауы орындау барысы мен өӊiрдiӊ әлеуметтiк-экномикалық даму көрсеткiшiнiӊ 9 айдағы нәтижесi туралы брифингте мәлім етті.

Жалпыреспубликалық есепте Ақмола облысы жоғары сапалы астықтыӊ төрттен бiр пайызын экспортқа жөнелтедi.

Биылғы жылы аймақ диқандары 5,1 млн тонна астық жинады, жиналған ырыстыӊ 88 пайызы жоғары сапалы. Облыста мемлекеттiк қолдау алған агроқұрылымдар саны артып олардыӊ саны 40 пайызға өстi (2,5 мыӊға дейiн АШК), элиталық дақылдар себiлген алқаптар көлемi 1,4 пайызға ұлғайды. Бұл тұрғыда егiстiк алқаптарда агрохимия, минералды тыӊайтқыштарды падалану жұмысы өрiс алды.

Мал шаруашылығын дамытуда да өӊiрде жақсы көрсеткiштерге қол жеткiзiлдi. Биыл обыста 3300 мал басына арналған 155 отбасылық мал бордақылау алаӊы ашылды. 11 сүт тауарлы фермасы құрылып, 600 бас сүт бағытындағы iрi қара сатып алынды. Сондай-ақ, Астана iргесiнде 5 мыӊ басқа арналған ешкi фермасы мен тереӊ өӊдеуге бағытталған сүт фабрикасы iске қосылды.

Облыста азық-түлiк өндiрiсi биыл 17 пайызға өстi, оныӊ iшiнде күнбағыс майы 1,9 %, ет 35 %, шұжық өнiмдерi 24%, ұн 22 % артты.

Биыл облыста 35 ауылшаруашылығы кооперативi құрылып, құрылған кооперативтерге 9 мыӊнан астам жеке қосалқы копперативтiӊ басы бiрiктiрiлдi.

Мемлекет басшысыныӊ "Астана қаласыныӊ азық-түлiк белдеуiн одан әрi дамыту" тапсырмасына сәйкес, аймақ жақында облыста шығарылатын азық-түлiк өнiмдерiн Астанада саудалайтын "AQMOL" сауда нүктелерi желiсiн ашты.

Үстiмiздегi жылы облыстағы 10 iрi ауылшаруашылығы тауарөндiрушi компаниясы сауда брендiне бiрiктiрiлдi. Олардыӊ iшiнде, "Агрофирма "Родина" ЖШС, "Ижевский" ӨК, "Астана Агро Продукт", "CAPITAL PROJECTS LTD", "Гормолзавод", "Айна сауда үйi" ЖШС және де басқа сүт, ет өнiмдерiн өндiретiн кәсiпорындар Астана қаласында 3 нүктеде өз өнiмдерiн саудалай бастайды. 2018 жылға қарай көтерме-бөлшек сауда дүкендердiӊ саны 10-ға дейiн жеткiзiледi",-дедi Мәлiк Мырзалин.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны