19.07.2017, 21:41 4481

Ақмола облысында мемлекет пен жекеніӊ серіктестігі аясында бірнеше жоба жүзеге асырылуда

Ақмола облысы, Бурабай ауданыныӊ денсаулық сақтау объектілерін алдағы уақытта реконструкциялау, жаӊғырту және пайдалану арқылы сенімгерлік басқаруға беру көзделген.

Көкшетау. 19 шілде. Kazakhstan today - Ақмола облысында мемлекет пен жекеніӊ серіктестігі аясында бірнеше жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы облыс әкімініӊ сайты хабарлайды.

Іске асырылатын және іске асыруға жоспарланатын жергілікті МЖИ жобалары бойынша ақпаратта атап көрсетілгендей, қазір 3 жоба бойынша келісім-шарт жасалынып іске асырылуда.

Атап айтқанда, Целиноград ауданыныӊ Ақмол ауылындағы балабақшаны салу және пайдалануға беру жобасы бойынша Ақмола облысыныӊ білім басқармасы мен "Endless Green Valley" ЖШС (консорциум "МирСтрой" ЖШС) 2016 жылдыӊ 22 қарашасында шарт жасасты.

Жоба құны 698 млн 640 мыӊ теӊге. Нысан 280 орынға есептелген.

Сондай-ақ, Степногорск қаласында 165 орынға арналған балабақша ашу көзделіп отыр. Бұл жоба бойынша Ақмола облысыныӊ білім басқармасы мен жеке кәсіпкер Лагута С.В. 2016 жылдыӊ 23 қарашасында шарт жасасқан. Жоба құны 73 млн 689 мыӊ теӊгені құрайды.

Бұдан бөлек, Ақмола облысы, Бурабай ауданыныӊ денсаулық сақтау объектілерін алдағы уақытта реконструкциялау, жаӊғырту және пайдалану арқылы сенімгерлік басқаруға беру көзделген. Құны 2 млрд 101 млн 242 мыӊ теӊгеге бағаланған бұл жоба 200 орынға есептелген.

Жоба "Ақмола облысыныӊ денсаулық сақтау басқармасы" ММ мен "Авиценна-Бурабай" ЖШС арасында жасасқан 2017 жылғы 31 наурыздағы шарт бойынша мемлекет пен жекеніӊ серіктестігі аясында іске асырылуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны