20.07.2017, 20:08 4814

Ақмола облысыныӊ ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері Астанадағы жәрмеӊкеде 430 тоннадан астам өнім ұсынды

Өткен демалыс күндері Астанадағы "Қазақстан" спорт сарайыныӊ алаӊында өткен жәрмеӊкеге Ақмола, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарыныӊ ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері 600 тоннадан астам өнім ұсынды.

Көкшетау. 20 шілде. Kazakhstan Today - Өткен демалыс күндері Астанадағы "Қазақстан" спорт сарайыныӊ алаӊында өткен жәрмеӊкеге Ақмола, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарыныӊ ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері 600 тоннадан астам өнім ұсынды.

Исіресе, халыққа аса қажетті ет, шұжық, ұн, сүт өнімдері мен жұмыртқа көбірек ұсынылды.Қала тұрғындары мен қонақтары ақмолалық тауар өндірушілердіӊ өнімдерін 30 жуық сауда шатырларынан сатып алды.

Облыстық ауылшаруашылығы басқармасыныӊ басшысы Мұрат Балпанныӊ айтуынша,өӊірдегі үздік тауар өндірушілер өзөнімдерін ұсынды.Олардыӊ арасында Аршалы ауданындағы "Ижевский" өндірістік кооперативі шұжық өнімдерін, құс еті, жұмыртқа, сүт және сүтөнімдерін сатты. Еӊбекшілдер ауданыныӊ "KazBeef LTD" серіктестігі ірі қара мал етін, "ҚазГерҚұс" серіктестігі жұмыртқа, Зеренді ауданындағы "Milk Project" және Целиноград ауданындағы "Родина" агрофирмасы" серіктестігі сүт және сүтөнімдерін, Сандықтау ауданындағы "Максимовское" серіктестігі өсімдік майын саудалады.

-Өӊірдіӊ ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілері жәрмеӊкелерге белсенді түрде қатысып келеді. "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесініӊ өтуіне байланысты біз биыл мұндай шараны қыркүйек айында да өткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Бұл қала тұрғындары мен қонақтарына үлкен қолдау болады. Бұдан бөлек,орақ науқаны аяқталғаннан кейін біздіӊ облыстыӊ аумағында да ауылшаруашылығы жәрмеӊкелері өткізіледі, - деді облыстық ауылшаруашылығы басқармасыныӊ басшысы Мұрат Балпан.

Өӊірдіӊ барлық ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілері 430 тоннадан астам 340 миллион теӊгеніӊ сапалы өнімін ұсынды. Оныӊ ішінде 174 тоннадан астам ет және шұжық өнімдері, 10,2 тонна балық және оныӊ өнімдері, 2,5 миллион дана жұмыртқа, 34,3 тонна сүт және сүт өнімдері, 50 тонна ұн, 15 мыӊ литр өсімдік майы, 9,5 тонна өзге де азық-түлік тағамдары болды. Жылдыӊ әр мезгілінде дәстүрлі түрде өткізілетін мұндай жәрмеӊкедегі өнімніӊ сапасы мен әртүрлілігі, бағасыныӊ нарықтан 10-20 пайыз арзандығы тұтынушыларды қызықтырады.

"Астаналықтар жергілікті ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердіӊ өнімін бұрыннан білгендіктен, үлкен сұранысқа ие. Ақмолалықтар астана тұрғындарына не қажет екенін біледі", - дейді облыс әкімініӊ орынбасары Егор Каппель.

Жәрмеӊке аясында ақмолалық өнерпаздардыӊ қатысуымен концерттік бағдарлама да ұйымдастырылды.Қала тұрғындары мен қонақтары тек қана азық-түлік алып қоймай, дарынды жастардыӊ өнерін тамашалауға да мүмкіндік алды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны