14.11.2017, 17:13 4677

Ақмола облысыныӊ Ерейментау ауданында 1728 кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істеуде

Ақмола облысыныӊ Ерейментау ауданында 1728 кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істеуде. Осы жайлы және аудандағы кәсіпкерлердіӊ жұмысы жайлы ақпаратпен Ерейментау ауданыныӊ кәсіпкерлік бөлімініӊ басшысы Дана Жакудина таныстырды

Көкшетау. 14 қараша. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ Ерейментау ауданында 1728 кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істеуде. Осы жайлы және аудандағы кәсіпкерлердіӊ жұмысы жайлы ақпаратпен Ерейментау ауданыныӊ кәсіпкерлік бөлімініӊ басшысы Дана Жакудина таныстырды, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі.

"Ерейментау ауданында шағын және орта бизнесті дамыту туралы" тақырыбында ақмолалық бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілдері Ерейментау ауданына баспасөз турына барды.

Жиһаз өндіруші "Компания Сегмент" ЖШС-ныӊ басшысы Юлия Бачевскаяныӊ айуынша, кәсіпорын алғашқыда жеке кәсіпкерлік ретінде құрылған. Бұл - Юлия мен жұбайы Евгений Бачевскийдіӊ отбасылық кәсібі болып табылады. Кәсіпорын шамамен жиһаздыӊ 12 түрін шығарады. Атап айтқанда, шкафтар, төсек-орындар, диван, т.б. тұрмысқа керекті түрлерін. Негізінен, тапсырыс бойынша жұмыс жасайтын кәсіпкерлер Ерейментаудан бөлек, Астана, Павлодар, Қарағанды қалаларында да тұтынушылары барын жасырмады.

Отбасылық бизнеспен айналысатын Калиевтердіӊ Ерейментауда "Асылсат" мейрамханасы, "Думан" дүкені, наубайхана мен моншалары бар. Шамамен 70 адамды жұмыспен қамтып отыр. 2009 жылы құрылған "Калиев" ЖК-ніӊ басшылары - Арман Баткулинов, Сәуле Калиева және Талғат Калиев.

С.Калиева: "Біз кәсіпті 1996 жылдары базардан бастадық. Қостанайдан тәтті тағамдар, ұн әкеліп саттық. Жалға дүкен алдық. Кейін киоск, дүкенге ғимарат сатып алдық. Қазір ол дүкен "Думан" деп аталады. Бұдан кейін бұрынғы қалалық наубайхананы сатып алдық. 2012 жылы "Даму" қорынан бизнестіӊ жол картасы бойынша несие алған болатынбыз. Бүгінде қаланы, бірнеше елді-мекенді нанмен қамтамасыз етіп отырмыз", - дейді.

"KazArms" ЖШС - жеке қорғаныс құралдарын және белсенді қорғауды қамтамасыз ететін отандық тауар өндірушісі, арамид материалдарыныӊ оқпен соғатын дулыға дайындайтын алғашқы қазақстандық кәсіпорын. Филиалдыӊ директоры - Руслан Крафт. Кәсіпорын алғашына 2014 жылдыӊ басында Астана қаласында құрылып, 2016 жылдыӊ ортасында Ерейментауға ауысады. Мұнда 50 адам жұмыс істейді. Алдағы уақытта жұмысшыларды тасымалдайтын көлік алу, сонымен қатар, бронижилеттер шығару жоспарланған.

"Болтабаев" ЖК наубайханасы нан өнімдерін пісіреді. Тәулігіне 2 мыӊ нан пісіріп, ауданды толықтай қамтып отыр. Шағын ғана наубайхананыӊ ашылғанына 6 жыл болған. Наубайхана басшысы - Джанат Болтабаев. Мұнда 10 ерейментаулық жұмыс істейді. Алдағы уақытта өнімдердіӊ түрін көбейтіп, қызметкерлер санын ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны