11.09.2017, 12:32 4488

Ақмола облыстық диқандар биыл 4 миллион 324 мыӊ гектар егіс алқабыныӊ астығын жинап алуы тиіс

Бүгінгі күнге дейін 953 мыӊ гектар жердіӊ егіні орылып, қамбаларға 722 мыӊ тонна астық құйылды. Орташа гектар берекесі 10 центнерден айналуда. Бүгінгі таӊда Целиноград, Бурабай және Жарқайыӊ аудандарыныӊ диқандары барлық астықтыӊ 61,4-60,6 пайызын жинап алды.

Көкшетау. 11 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақмола облыстық ауылшаруашылығы басқармасыныӊ мәліметі бойынша биыл өӊір диқандары 4 миллион 324 мыӊ гектар егіс алқабыныӊ астығын жинап алуы тиіс.

Бүгінгі күнге дейін 953 мыӊ гектар жердіӊ егіні орылып, қамбаларға 722 мыӊ тонна астық құйылды. Орташа гектар берекесі 10 центнерден айналуда. Бүгінгі таӊда Целиноград, Бурабай және Жарқайыӊ аудандарыныӊ диқандары барлық астықтыӊ 61,4-60,6 пайызын жинап алды. Облыс бойынша қамбаларға 252 мыӊ тонна тұқым құйылды. Ірі астықты өӊірлердіӊ бірі - Атбасар ауданы биыл 397,4 мыӊ гектар алқаптағы дәнді және бұршақты дақылдарды жинап алуы тиіс. Жауапты науқанға бөлінген кепілдендірілген дизель отынын барлық шаруашылықтар тасымалдап алған. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімініӊ басшысы Или Бегалиновтыӊ айтуынша, бүгінгі таӊда егіс алқаптарына 206 комбайн, оныӊ ішінде өнімділігі жоғары 78 астық жинайтын комбайн шығып, диқандар 72,3 мыӊ гектар алқаптыӊ астығын жинап үлгерді. Бұл - барлық егіс алқабыныӊ 50,7 пайызы. Мәселен, "Атбасарская Нива" серіктестігі 102 мыӊ 470 гектар егіс алқабындағы астықтыӊ жартысын орып, бастырды. "Шыӊғыс-1" серіктестігі де барлық егіс алқабындағы астықтыӊ 50 пайызын жинап алды. "Сочинский" серіктестігініӊ директоры Абылай Қанбатыров өз сөзінде шаруашылық диқандары 23 мыӊ 854 гектар алқаптағы дәнді және бұршақты дақылдарды шашпай-төкпей жинап ала- тынын айтып өтті. Бүгінгі таӊда бұл серіктестік барлық егістік алқабыныӊ жартысынан астамын жинап алған. Дала қостарында диқандар үшін барлық жағдай жасалған. Мұнда шеберхана, асхана мен монша жұмыс істейді. Техника жөндеушілер бригадасы комбайндардыӊ үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуде. Жалпы, атбасарлық диқандар биылғы астықты уақытында жинап алады деп айтуға толық негіз бар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны