Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
19 қараша 2018
  • 16
  • :
  • 03
17:00

Ақсу қант зауыты биылғы жылдан бастап "қалдықсыз өндіріс" пиринципімен жұмыс істейтін болады19.08.2018
Экономика  13:18
Талдықорған. 19 тамыз. Kazakhstan Today - Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде толық жаӊғыртудан өткен Ақсу қант зауыты биылғы жылдан бастап "қалдықсыз өндіріс" пиринципімен жұмыс істейтін болады. Биылғы жылы 130 мыӊ тоннаға дейін қызылша өӊдеуді жоспарлап отырған зауытта қалдық жомдарды нығыздап орайтын норвегиялық құрылғылар орнатылуда. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталовтыӊ Ақсу ауданына жасаған сапары барысында белгілі болды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Талай жыл тұралап қалған Ақсу зауыты өткен жылыішінара жаӊартылғаны болмаса, негізінен 1967 жылғы көне құрылғыларын жамап-жасқап, жөндеудіӊ арқасында іске қосылған болатын. Зауыттыӊ тамырына қан жүгірткеннен кейін "Жетісу" ӘКК мен зауыт басшылығы бірлесіп физикалық та, моральдық тұрғыда да тозығы жеткен құрал-жабдықтарды толықтай қайта жаӊғыртуға кірісті. Бүгінгі күні мұнда Ресейден, Украинадан, Германиядан, Франциядан, Қытайдан әкелінген заманауи құрал-жабдықтар орнатылып, жөндеу-жаӊғырту жұмыстары қызу жүріп жатыр. Зауыт директоры Самат Надирбаевтыӊ айтуынша, жаӊғыртудыӊ қазіргі екінші кезеӊіндегіжөндеу-іске қосу жұмыстарына 280 адам тартылып отыр. Олардыӊ арасында шетелдік мамандар да бар. Ал зауыт толық іске қосылғанда қызылша өӊдеу ісіне жергілікті 600 адам жұмысқа қабылданатын болады. Бүгінгі күнге дейін технологиялық құралдарды жөндеу-орнату шамамен 84 % аяқталды. Зауыттыӊ сынамалық іске қосу мерзімі 15 қыркүйекке, ал толық іске қосылуы 15 қазанға белгіленіп отыр. 20 мыӊ тонна алғашқы қызылша көлемін жинап алғаннан кейін кәсіпорын тоқтаусыз жұмысқа кіріспек.

Егер жоспарланғанындай биылғы жылы 130 мыӊ тонна қант қызылшасы өӊделетін болса, одан шамамен 22 мыӊ тонна жом алынады екен. Бұрын өткізілетін орынға жом жүк көлігінде ашық-шашық күйде тасымалданып, жол бойы суы ағып, тиісті жерге жеткенше сапасы төмендеп кететін. Ал енді биылдан бастап жомды пресстеп, жаӊа құрылғымен қаптамаға орауға жағдай жасалып отыр. Оралған күйіндегі жом 2 жылға дейін сапасын жоғалтпай сақталады. Және ешқандай химикатсыз, экологиялық таза өнім - мал бордақылау алаӊдары үшін таптырмас азық. Алдағы уақытта бұл дайын өнімдерді отандық нарыққа, сонымен қатар шетелге де экспорттауға мүмкіндік тумақ.

Зауыттыӊ жом тығыздау, қызылша өӊдеу, дайын өнімдерді қаптау және т.б. цехтарын аралап көрген облыс әкімі А. Баталов жылу-электр орталығыныӊ дайындығын, отын қоры туралы да сұрап білді. Зауыт мамандарыныӊ айтуынша, әзірге ЖЭО қазандықтары іске қосуға дайын. Келесі жылы жаӊа ЖЭО құрылысын салып, қазіргі қолданыстағы қазандықтар резерв ретінде пайдаланылатын болады.

Сапар соӊында облыс басшысы А. Баталов зауыт басшылығына қарата:

- "Жетісу" ӘКК арқылы бөлінген әрбір тиын үшін есеп бересіздер. Мемлекеттіӊ қаржысы жаӊғырту, іске қосу жұмыстарына мақсатты қолданылуы керек, - деп атап өтті.

Сондай-ақ зауыттыӊ жұмыс істеуі - жергілікті халық үшін де, облыс экономикасы үшін де үлкен серпіліс екенін айта келе:

- Елбасыныӊ талабы - қант қызылшасын өсіру көлемін арттырып, оны өӊдеу ісін жаӊа озық технологиялар арқылы жолға қою. Біздіӊ бұл тапсырманы орындаудағы бағытымыз айқын. Ирригациялық жүйлерді қалпына келтіруге Ислам банкі арқылы қаржы тартып, жұмыс істей бастадық. Қызылша өсіруші шаруаларға агротехникалық көмек көрсетіп, өнім сапасын арттыруға ықпал етіп отырмыз. Биылғы жылы әр гектардыӊ шығымы өткен жылғыдан да жоғарылап, жақсы көрсеткішке жетеміз деп жоспарлаудамыз. Оған қоса мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде Ақсу қант зауытын іске қостық. Жаӊа технологиялардыӊ арқасында жылдан жылға зауыттағы өӊделген қызылшаныӊ қанттылығы да артып, 14 %-ке жетеді деп отырмыз.Ақсу зауыты 2020-2021 жылға қарай толық қуатына шығып, 350 мыӊ тоннаға дейін қызылша өӊдейтін болады, - деді қорытынды сөзінде.

Сонымен қатар зауытта білікті кадрларды ұстап тұру үшін оларға жағдай жасау керектігін ескерткен облыс басшысы кәсіпорынныӊ білікті мамандарын тұрғын үймен қамту мәселесін шешуді аудан әкімі Ә. Далбағаевқа тапсырды.
Просмотров: 2690

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter