02.02.2018, 14:09 8847

Ақтөбе облысы 2017 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ өндірісін 5,3% -ға арттырды

Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен Премьер-Министрдіӊ орынбасары - ауылшаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев келді. Онымен бірге өӊірге облыс әкімдерініӊ орынбасарлары, елдегі ірі ауылшаруашылық құрылымдары мен кәсіпорындардыӊ басшылары да Ақтөбеге ет кластерін дамытуды үйрену үшін келді.

Ақтөбе. 2 ақпан. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен Премьер-Министрдіӊ орынбасары - ауылшаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев келді. Онымен бірге өӊірге облыс әкімдерініӊ орынбасарлары, елдегі ірі ауылшаруашылық құрылымдары мен кәсіпорындардыӊ басшылары да Ақтөбеге ет кластерін дамытуды үйрену үшін келді.

Сапардыӊ негізгі мақсаты - "Актеп" ЖШС негізінде құрылған Ақтөбе ет кластерініӊ іс тәжірибесімен танысу. Кәсіпорын 2012 жылдан бері жұмыс жасап келеді, 11 мыӊ бас ірі қара малды бордақылайтын алаӊы мен қуаттылығы жылына 7200 тоннадан асатын ет өӊдеу кешені бар. Бүгінде кластер барлық облыстыӊ 350 шаруа қожалығымен серіктес. Мұндай әріптестік "Актеп" ЖШС-мен қатар қарапайым шаруалар үшін де тиімді.

Ақтөбе ет кластерініӊ сондай зәкірлі серіктестерініӊ бірі - "Қызылжар" ШҚ.

- Біз "Актеп" ЖШС-мен 2012 жылдан бері бірге қызмет істеп келеміз. Осы уақыттыӊ ішінде 3000 тонна шөп, 200-ден астам ірі қара мал басын жеткіздік. Соӊғы жылдары асыл тұқымды малды жалдаудыӊ, ауыл шаруашылығы техникасын жалға берудіӊ жаӊа пилоттық жобалары енгізіліп жатыр. Біз "қонақ үй" бағыты бойынша жұмыс істейміз: малды семіртуге аламыз, оны өсіріп, сол үшін ақша аламыз. Басқа бағдарлама - малды жалдау. Ол бойынша біз асыл тұқымды малды бес жылға жалға аламыз да,төлімен. Бұл бағдарламалар бізге қыруар қаржы тартпай-ақ, табысты кеӊейіп, аналық мал басын толықтыруға және малдыӊ тұқымын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл шағын шаруашылықтар үшін өте тиімді,-деді шаруа қожалығыныӊ басшысы А.Балманов.

- Біздіӊ шаруа қожалық мал шаруашылығымен айналысады. Өз өнімдерімізді тірідей салмақта "Актеп" ЖШС-не тапсырамыз, аталмыш кәсіпорынныӊ бордақылау алаӊына біз сондай-ақ, өзіміз дайындаған мал азығыныӊ артығын да жеткіземіз. Тез, кезексіз әрі жақсы бағамен қабылдайды. Ақша аз уақыт ішінде банктік есепшотқа түседі. Бұрын біз өзіміз базарға барып, сатып алушыларды іздейміз де алыпсатарларға арзанға сататынбыз. Бүгінде бұл мәселе толығымен шешілді. Біз асыл тұқымды мал басын дамытуда да әріптестік жасаймыз: "Актептен" Абердин-Ангус өндірушілерініӊ бұқаларын жалға аламыз. Осы тұқымныӊ төлі 10-11 айында 350-400 келі болады",- деді "Қаршыға" ШҚ басшысы А.Жетенов.

Ауыл шаруашылығы министрлігініӊ басшысы Ақтөбе ет кластерініӊ жоғары тиімділігін атап өтті.

- Меніӊ ойымша, біз экономикалық нәтижеге шаруалар "Актеп" ЖШС-ны мысалға алып, кластерлерге біріккен кезде, горизонтальді кооперация есебінен қол жеткіземіз. Біз Актепке көмектесе отыра олармен жұмыс жасайтын ұсақ шаруашылықтарға да жәрдем береміз. Меніӊше, біздіӊ осы жолмен жүргеніміз дұрыс,-деп түйіндеді Ө.Шөкеев.

Ақтөбеде 31 қаӊтар, сәрсенбі күні ҚР Премьер-министрініӊ орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевтіӊ төрағалығымен агрокластерлерді құру жөнінде жиналыс өтті.

Жиын жұмысына барлық облыс әкімдерініӊ орынбасарлары, елдегі ірі ауылшаруашылық құрылымдарыныӊ басшылары қатысты. Ақтөбеліктердіӊ аграрлық кластерлерді құру және дамыту тәжірибесін үйренуге келген делегацияныӊ құрамында жүзден аса адам болды.

Жиынды облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өӊірдегі ауылшарашылығыныӊ қазіргі жағдайы туралы баяндамасымен ашты.

"Елбасы Қазақстан халқына жолдауында аграрлық секторды экономиканыӊ жаӊа драйверіне айналдыру міндетін қойды. Осы мақсатқа жету үшін нақты шаралар қабылданып жатыр. Өткен жылдыӊ қорытындысы бойынша Ақтөбе облысында құны 200 млрд теӊгеден астам ауылшаруашылығы өнімі шығарылған, нақты көлем индексі 105,3%-ға өсті. Ауыл шаруашылығын дамытуда бастысы - жерді оӊтайлы пайдалану. Біздіӊ облыста ауыл шаруашылығына пайдаланылатын 26,9 млн гектар жер болса, оныӊ 25,3 млн гектары мал жайылымы, қалғандары - егіндік жерлер. Жерді тиімді пайдалану үшін біз жыл сайын түгендеу жұмыстарын жүргіземіз. Былтырдыӊ өзінде 7,8 млн. гектар жер инвентаризациядан өткізіліп, нәтижесінде 400 мыӊ гектар жер айналымға енгізілді",-деп мәлімдеді облыс әкімі.

Ауыл шаруашылық дақылдарыныӊ өнімділігін арттыру үшін тұқымдық материалдардыӊ сапасына ерекше көӊіл бөлінеді. Мемлекеттік қолдау шараларыныӊ арқасында есептік кезеӊде минералды тыӊайтқыштарды пайдалану 2,5 есе көбейді. Бұдан басқа, егіс алқабы 12%-ға 656 мыӊ гектарға дейін кеӊейді, егіс алқабын жыл сайын 15% кеӊейтіп тұру жоспарда бар.

"Нәтижесінде түсім гектарына 13,2 центнерді құрады, бұл біздіӊ өӊір үшін рекордтық болып табылады. Барлығы 512 мыӊ тонна астық жиналды. Өӊірде мұндай көрсеткіш көптен бері болмаған",-деп жалғастырды Бердібек Сапарбаев.

Ірі қара мал басы 5,1%, жылқы 6,1%, қой-ешкі 3,1%, түйе 1,8% өскен.

"Өӊірдегі қорды есепке алсақ, мал шаруашылығыныӊ өсу қарқынын қанағаттанарлықсыз деп санауға болады. Бұл мәселені шешу және асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін "Сыбаға", "Алтын асық", "Құлан" және "Ырыс" мемлекеттік бағдарламаларыныӊ ресурстарын пайдалану белсенді түрде жалғасатын болады",-деп атап өтті облыс әкімі.

Ол сондай-ақ, мемлекет басшысыныӊ ауылшаруашылығы өнімдерін экспорттауды арттыру жөніндегі тапсырмасыныӊ орындалу барысы туралы да айтып кетті.

"Өкінішке қарай, 2017 жылы біз экспорт көлемін арттыра алмадық. Қой етін көбінесе Ресей мен Біріккен Араб Имірліктеріне жіберіп отырдық. Қазір басқа елдермен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. 117мыӊ тонна астық алыс-жақын шетелдерініӊ он еліне экспортталды. Осы бағыттағы жұыстар жалғасатын болады. Биыл біз ауылшаруашылығы өнімініӊ экспортын 40%-ға өсіруді жоспарлап отырмыз", -деді Бердібек Сапарбаев.

Өӊірде шикізат өӊдеуді арттырудыӊ кешенді шаралары қабылданып жатыр. Өткен жылы ет өӊдеу 38,1%, сүт - 37,1% құрады, бұл 2016 жылға қарағанда 6% жоғары. Осы жылы ауылшаруашылығы өнімдерін 45%-ға дейін өӊдеу жоспарлануда.

Өӊір басшысы сондай-ақ, агроөнеркәсіп кешеніндегі жаӊа технологияларды трансферттеу тақырыбын да қозғады.

"Біз Президенттіӊ цифрландыру бағдарламасын жүзеге асыруды бастадық. Жаӊа технологиялар "Актеп" және "Айс" сынды алдыӊғы қатарлы мал шаруашылығы фермаларында белсенді түрде енгізіліп, егін шаруашылығында ауыл шаруашылығы дақылдарын егу және жинау үшін қолданылуда. Бұдан басқа, "ақылды" суғару, минералды тыӊайтқыштарды бақылау және зиянкестерді жоюға арналған зияткерлік жүйелерді енгізу жұмыстары жүргізілуде. Біз, сондай-ақ, ауылшаруашылық ғылымдарын дамытып, еліміздіӊ жоғары аграрлық оқу орындарымен, ғылыми-зерттеу институттарымен байланыс орнатып жатырмыз", -деп атап өтті Б.Сапарбаев.

Аймақтағы 188 шаруа қожалығы ауыл шаруашылығыныӊ дәстүрлі емес түрлерімен айналысады. Олар, негізінен, ешкі сүті мен бал өндіріп, балық өсіреді, құлпынай және таӊқурай егеді. Сонымен қатар, 198 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Алдағы мақсат - ірі ауыл шаруашылық кәсіпорындарында шағын және орта шаруашылықтар мен кооперативтерді дамытудыӊ тиімді жүйесін құру болып табылады. Өӊірдегі осындай ынтымақтастықтыӊ жақсы үлгісі ретінде бүгінгі күні жанында 357 шаруашылық жұмыс істейтін "Актеп" ЖШС атауға болады.

Бердібек Сапарбаев өӊіраралық кооперацияны одан әрі нығайту мәселелеріне тоқталды. Атап айтсақ, биылғы жылы Ақтөбе облысы республиканыӊ басқа өӊірлерімен арадағы сауда көлемін 20% -ға арттыруды көздеп отыр.

Сөзін қорытындылай келе, облыс әкімі ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ө.Шөкеевке Үкіметтіӊ көмегі мен қолдауын қажет ететін мәселелерді алға тартты. Олардыӊ арасында аймақтағы суармалы жерлердіӊ аумағын одан әрі кеӊейту, "Болашақтыӊ ауылы" жобасына және "Мал биржасы" пилоттық жобасына қолдау көрсету, сондай-ақ қазақстандық өнімдерді экспорттауға қосымша қолдау тетіктерін әзірлеу туралы ұсыныс білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны